№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Күзгі тал егу» акциясы

«Күзгі тал егу» акциясы

 Дәстүрге айналған тал егу акциясына жаңақорғандықтар белсенді қатысып келеді. Көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру. Осындай мақсатта жуырда кент орталығындағы «Хорасан ата» көшесінің бойына 100 ағаш көшеті отырғызылды. «Күзгі тал егу» акциясына аудан активтері, аудандық мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысып, республикалық акцияның жүйелі өтуіне ат салысты.

  Кент келбетінің көркеюіне бастайтын берекелі бастамаға аудандағы өндіріс ошақтары да мұрындық болуда. Ағаш отырғызу акциясы аясында «Байкен-U» ЖШС аудан орталығындағы «Арнайы балабақша» мен Байкенже және Билібай ауылдық округіндегі білім ошақтарына 50 түптен, барлығы 150 түп ағаш отырғызып, сауапты іске себепкер болды. Мекемемен бірге Байкенже әкімдігінің қызметкерлері де тал отырғызу ісіне ұқыптылықпен қарап, ауыл ажарын арайландыруға белсенділік танытты.
Жалпы, көшетті көбіне көктемде отырғызады, десе де, оған көп күтім керек екен. Ал, күзде отырғызылған шыбықтар еккеннен кейін тамыр жайып, тез өнеді. Олар көп күтімді қажет етпейді. Тек отырғызар алдында ережелеріне мұқият мән берген абзал. Артық бұтақтарын қырқу, суды мөлшермен құю секілді жұмыстарға қадағалау керек. Алайда, тамыр жайып көгерген кезде күші көп кетпеуі үшін күтім керек, – дейді бағбандар. Күзде еккен жеміс ағаштары, әсіресе, жүзім жемісті бір жыл бұрын береді. Иә, ең бастысы табиғат тазарып, кент кескіні келісті болып, балаларға сая болатын ағаштардың саны артқаны қуантады.
– Бала біздің болашағымыз, ал, олардың тәрбиесі балабақшадан басталады. Яғни, балабақша тәрбие баспалдағы. Сондықтан, осындай үлгілі іс жасап жатқан «Байкен-U» ЖШС-не рақмет айтамыз. Ел игілігі жолында еңбектері еселене берсін, – деді Аманкүл апа.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
26 қараша 2018 ж. 3 189 0