№94 (8702) 28

28 қараша 2023 ж.

№93 (8701) 25

25 қараша 2023 ж.

№92 (8700) 21

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ


Бүгін аудандық балалар кітапханасында Кеңес әскерлерінің 
Ауған жерінен шығарылғанына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты
 Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беру, Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігін насихаттау болды.
Жиын соғыста құрбан болған жауынгерлерді үнсіздікпен еске алумен басталып, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына ұйымдастырылған кешке №169 мектептің 5 сынып оқушыларымен, кездесуге арнайы келген ауған соғысының ардагерлері Жетпісбаев Пернебай, Ахметов Бектұрсын, Жанзыбаев Амангелділер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Әр ардагерге оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды.Шара барысында ақын жазушыларымыздың жазған патриоттық өлеңдерін Нұрділла Нұрсардар, Бейбіт Ақжан, Оразалы Ақниет, Тұрсынбай Жандарбике  т.б мәнерлеп оқыды. Осындай интернационалдық борышын өтеудегі азаматтардың ерлік жолы өнеге екендігін оқушылар өз өлең жолдарына арқау етті. Сондай-ақ шараның саяси мазмұнына тереңірек шолу жасау мақсатында Ауған соғысы жайлы бейнеролик көрсетілді. Кешті аудандық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова қортындылады.
14 ақпан 2018 ж. 2 483 0