№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » МЕНІҢ АЛТЫН ЖЕҢЕШЕМ

МЕНІҢ АЛТЫН ЖЕҢЕШЕМ



«Абысын тату болса, ас көп». Тауып айтылған ұлағат.
Расында, абысын-ажын тату болса, бірлік те, береке де болады. Оған өмірде мысал көп. Сондай мысалды Ақнұр Үйсінбаева жеңгеме қарата айтар едім.


Қырық жылдан асыпты әулетке келін болғаныма. Осы уақыт ішінде жеңешемнің біреуге қатты сөйлеп, біреуді ренжіткенін, артық айтқанын көрмеппін, естімеппін.
Ақнұр жеңешем Қаратаудың төл перзенті. Атап айтқанда, Құттықожа ауылының тумасы.
Қазақ халқы «қыз» деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлулықтың белгiсi деп таныған ғой! Сондықтан, қызына тәлімді тәрбие беруге мән берген. Ақнұр жеңгем ата-анасының қуанышына қарай, баппен сөйлеп, баязы күлiп, іске тиянақты, жақсы-жаманның жөнiн бiлетін ару болып жетіліп, сол аймақтың мақтаулы аруының бірі болады.
ХХ ғасырдың 60 жылдары Әуелхан Жүсіпбеков ағамыз құда түсіп, келін етіп түсіреді. Содан бері Төменарық өлкесіне сіңісіп, өзінің келіндік міндетімен, аналық мейірімімен ел аузында...
Ұлттық дәстүрлер бойынша қазақ әйелі алғашқы кезекте ана мәртебесін жоғары ұстауы тиіс. Яғни, бала табу және өң бойына ұлттық қасиет-қадірін сіңіре тәрбиелеуі керек. Сондай-ақ, күйеуінің барлық мейірімді бастамаларына қолдау көрсетіп, отбасыдағы бірлік пен тыныштықты сақтауға тиіс.
Міне, қазақ әйелінің міндеті мемлекеттік мүдде жолындағы бастамалардан ауыр десе болады. Осындай абыройлы міндеттерді Ақнұр жеңгем абыроймен көтеріп, құрметке бөленген жанның бірі.
Ол еңбекқорлығының арқасында ауылдың қым-қиғаш тіршілігіне араласып, істің ебін тауып, шаңыраққа береке орнатып, отбасының тірегіне айналады. Жүн түтті, текемет басып, кілем тоқыды. Сиыр, бие, түйе сауып, түздегі тірліктерге де араласты. Әрине, мұндай міндетті қазақтың кез-келген әйелі атқара алады, атқарды-да. Мәселе, одан емес. Тәлімді де тәрбие ұрпақ өсіруінде деп білемін...
Иә, артыңда адамдықты, адалдық биік ұстайтын ұрпақ қалдыруды әркімде армандайды. Ағамыз қызметте болды. Ұлдың, қыздың тәрбиесі ананың мойнында болды. Осындайда жетістікке жеткен еркектің артында әйел тұрады деген сөз еске түседі.
Жеңгемнің ірілігі мынада деп білемін.
Атамыздың соғыстан қайтпаған інісінің жұбайына (кіші енесі) оты өшпесін деген ниетпен бірінші перзентін береді. Тұңғышын атын атамай, өмір бойы «әжесінің баласы» деді...
Алла қызығын өзгемен бөліскен жанға ырысын төгеді екен. Одан кейін қылықты қыздары мен тәлімді ұлдарын дүниеге алып келіп, саналы білім алуына жағдай жасады (жеті қызды қияға, екі ұлды ұяға қондырады).
Өмір болғандықтан қиындықтары көп болады екен. Қайнысының жұбайы, бір қайнысы өмірден озады. Ақнұр жеңешем оларға да мейірімін төгіп, басшылық жасап, балаларын бауырына басады. Әулеттің үлкен келіні болғандықтан жұмысы да көп, жауапкершілігі де ауыр...
Жеңешем сексен жастың табалдырығына келіпте қалыпты. Десе де, әлі тың. Қол қусырып отырғанды жөн көрмейді. Немерелерін бағып-қағып, шөберелерін түгелдеп отырады. Көзінің қуанышындай болған ұрпағына ылғи береке мен бейбітшіліктің, татулық пен тұрақтылықтың маңызын түсіндіріп, еңбек еткеннің жүзі жарық болатынын түсіндіріп, аманаттап жүреді...
Қазіргі таңда үлкен әулеттің тірегі, діңгегі болып отыр.
Бір түсінгенім, отбасы – кез келген халықтың тамыры. Бала туу мен тәрбиелеу сияқты маңызды әлеуметтік қызметтер атқарады. Отбасы – жеке тұлғаның қалыптасуына ұйытқы болады. Онда Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады, еңбексүйгіштікке баулу, үлкенге құрмет көрсету және т.б. құндылықтар дәріптеледі. Сондықтан, әулет тату болса – елде тату. Ал, әулетті тату ететін Ақнұр жеңгемдей әйелдердің жасымасын, жасай берсін!

Сәуле ТАЙЛАНОВА,
ардагер ұстаз.


30 қаңтар 2019 ж. 1 900 0