Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерін сыйлаған әйел – етекте қалмайды

Ерін сыйлаған әйел – етекте қалмайды

[spoiler][/spoiler]
Қазақстанда 260 әйел түрлі деңгейдегі әкім лауазымында елдің дамуы үшін қызмет етуде. Соның бірі Азия Қыстаубаева екені даусыз. Іскер де қабілетті жанның өмірде биік белісті бағындыруының сырын білмекке тырыстық.
– Азия Әбдіхалыққызы, өмірдегі ең биік жетістігіңіз...
– Бірінші, отбасым. Сосын еңбектің арқасында елдің абыройына бөленуім.
– Осы табысқа қалай жеттіңіз?
– Әуелі анамның берген тәлімді тәрбиесінің арқасы дер едім. Одан кейін отағасы мен ата-енемнің қолдауының арқасында жеттім. Әрине, есіл еңбек болмаса, мұның бәрі елес болар еді.
– Әйел бақыты неде?
– Тәлімді де тәрбиелі, білімді де сергек ұл-қыз тәрбиелеуі және ұрпағының амандығын, саулығын көруі. Бір сөзбен айтқанда, Хакім Абай айтқандай «Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмауы тиіс».
– Әйел үшін еркек кім?
– Еркек – үйдің тұтқасы, егесі, негізі. Ер – елдің қорғаны. Бүгінде аздаған дүние тауып немесе билікке қол жеткізген әйелдер күйеуіне тіксіне, менсінбей қарап, «өзім» деп кететін жағдайлар кездесіп жатады. Өз басым «ерін сыйлаған әйел – өмірде бар табысқа жетеді», –  деп ойлаймын.
– «Қыздарға қырық үйден тыйым» ұлағаты неге кәдеге аспай қалды?
– Ата-ана ұл-қызына аталы сөз айтып, жақсылыққа шақырып, мазмұнды тәрбие беруі тиіс. Нарықтық қоғамға байланған ата-ана функциясын өз деңгейінде атқара алмай отырғандықтан ба, ашық-шашық киінген қыздар саны артып, сөйлеген сөзінің мәні қашып, жасайтын қылығы әдепсіз көрінуде. Осы буын «ұрпағына қандай тәрбие береді?» деп ойлаймын. Себебі, ана – ұлтты тәрбиелейді. Жақсы әйел – ырыс демей ме?   
– ХХІ ғасырдағы қазақ қызының болмысы қандай болуы тиіс?
– Заман талап еткен жақсы үрдістерді бойына сіңіріп, ұлттық болмыс пен текті сақтай білуі қажет.
– Ана болу – күрделі кәсіп. Ендеше ананың ең күрделі де жауапты міндетіне нені жатқызасыз?
– Қандай жағдай болмасын әйел отбасын сақтауы тиіс. Одан кейін ұрпағына жақсы тәрбие беріп, баласының заманауи білімді меңгеруіне мүмкіндік жасаса игі.
– Қызметпен қатар отбасылық жұмысты үйлестіру қиын емес пе?
– Өз басым «бірінші қызмет жолын реттеймін, сосын тұрмысқа шығармын дейтін» қызбаланы құптамаймын. Қазақ даналығында «Әйелдің қырық жаны бар», дейді. Тауып айтылған ұлағат. Әйел «қызметке де, үйдің жұмысына да үлгеремін» деп ниеттенсе табысқа жете алады. Күннің шығуымен жарыса тұрып, кешкісін масаға таланып бес-алты сиыр сауып, оның сүтінен май мен кұрт алып, бала тәрбиесімен де айналысып, жұмыс істедім. Сондықтан әйел есебін тауып, еңбек етсе бәрінің де есебін табуға болады.
Жалпы, ата-енең, күйеуің қолдаса, жұмысқа шабытпен, жауапкершілікпен кірісерің хақ.

 Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
01 қазан 2018 ж. 2 404 0