№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Келін қандай болуы тиіс?

Келін қандай болуы тиіс?


«Жақсы келін – келін, жаман келін – келсап». Ойланған адамға бұл сөздің мән-мазмұны терең. Себебі, келіні жақсы үйде қонақ үзілмейді, ал, жаман болса, келген кісі қайтқанша асығады. Яғни, үйдің берекесі келіннің «аяғынан» екені мәлім.

Қазақ қызды қонақ деп құрметтеп, тәлімді тәрбие беріп, тұрмысқа шыққан жеріне сіңісіп кетуене үлкен мән берген. Содан болар ертенің деректерінде ел тыныш, жұрт аманда жастардың шаңырағы құлапты дегенді кезіктірмейміз. Тіптен, жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған халықпыз. Алайда, кер заманға тап болдық па, ажырасу көбейді. Статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде үйленген жас отаудың үштен бірі жыл сайын ажырасады екен. Яғни, 10 000 отау құрылса, соның 3300-і неке жүзігін шешуге мәжбүр. Жаңақорған ауданында көрсеткіш мәз емес. Мәселен, сәуір айынның өзінде 10-нан астам шаңырақ некесін бұзуға арыз тастапты.
Мұндай жағдайға жететінде неден қателестік? Нені шалыс бастық? Бұл сұраққа әлеуметтанушылар мен психологтар жауап іздеуде. Ата-аналарды да ойлантуда. Біз өз пайымымыз жеткенше саралап көрдік.
Біріншіден, қыз тәрбиесіне салғырт қарайтын болдық. Шаңырақтың тұтқасын ұстайтын уақытқа жетсе де ас әзірлей алмайтындар арулар көп. Ең жаманы, ұйқышыл нәзік жандар аз емес. Олар қалайша өзге шаңыраққа сіңісіп, әулеттің беркесін арттырмақ.
Екіншіден, жатып ішер жалқау жігіттер арамызда жүр. Он жеті жасында атқа тоқымсыз отырып, жауға шапты дейтін заман келмеске кетті. Қазір орда бұзар отыз жастағы ерлер «жұмыс тауып бер» деп әкесінің аузына қарап отыр. Ондай жандар отбасына қалай еге болады?
Үшіншіден, келінінен кінәрат іздейтін ата-ананыда ақтап ала алмаймыз.
Міне, осылай саралай беруге болады. Әрі кәнілілерді санап бітуде қиын. Жә, өткеннің өнегісіне үңілсек. XVI ғасырда өмір сүрген Тәттібике шымыр руына келін болып түсіп, елдегі дау-дамайға қазылық етіп, әділ төрелік шығарып, есімі алашқа мәшһүр болыпты. Төле бидің келіні Данагүл бірде Мойынқұмдағы дауды шешіп келе жатқан атасының жау қолына түсіп, жіберген жұмбақтың шешімін тауып, биді құтқарып алған екен. Абайға тәлім берген Зеренің өнегесі қандай?! Айта берсек таусылмас. Міне, қазақ келінінің нағыз бір бейнесі.
ТҮЙІН. Шыны керек, кінәліні іздейтін болсақ, жаһандануға жаба саламыз, Батысқа сілтеуге құмармыз. Бірақ, шет елдік мәдениетті дым көрмегендей талғамай, таңдамай қабылдап жатқан өзіміз емес пе? Бір сөзбен айтқанда, кінәні өзімізден іздейік. Сөйтіп, қызды, келінді тәрбиелейік. Себебі, «Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» екенін ұмытпайық...
Нұр-Кенже.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 814 0