№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДЫ ЖЕРСІНГЕН ЖАН

ЖАҢАҚОРҒАНДЫ ЖЕРСІНГЕН ЖАН

Қазақтың кеңдігіне тамсанып, таң қалатындар көп. Осынау қасиетімен жүздеген ұлттың ұрпақ өрбітіп, аман қалуына септігін тигізді. Осындай жақсылықты жанымен сезінетін азаматтың қатарында Шатарат Изатова бар. Бүгінде №5 «Балғын» мемлекеттік балабақшасында қызмет ететін ол: «Берекесі мен ынтымағы жарасқан ел – әлемдегі ең бақытты ел», –дейді. 
Иә, Шатарат Әлизарқызының сөзінің жаны бар. Өйткені, қашанда  береке мен бірлікті көздеген ел мерекелі тірліктен жалықпаған. Татулықты ту еткен Елбасы да 1-мамыр күнін – «Қазақстан халқының бірлігі күні» деп белгілеп, «Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің басқаға ауысып жойылуына қарсымыз. Сондықтан, біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым-қатынастың ғана сақталуын емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің өзін дамытуды сақтауды білдіреміз» деген болатын. Сондықтан болар бірлік күні мейрамын асыға күтетіндер көп.
– Биыл Жаңақорғанның Изатовтар отбасына келін болып түскеніме 34 жыл толыпты. Осы уақыт аралығында Жаңақорғанға әбден бауыр басып, үйреніп кеттім. Бұл бір жағынан қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірбандығының арқасы болса керек-ті. Ешқашан өзімді қазақтардан бөлек сезінген емеспін. Бұл – ұлттар татулығының көрінісі дер едім, – дейді мейірбике.
Хош! Енді Өзбекстаннан қазақ еліне келін болып түскен кейіпкеріміздің өмір жолына тоқталсақ. Өзбекстанның Ангрен қаласындағы медициналық техникумды бітіріп, киелі Жаңақорған жеріне келін болып түскен түрік қызы ауданға сіңісіп кеткен. Әр баланың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын Шатарат Әлизарқызының ақ халатты иығына жапқанына 30 жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында Гиппократқа берген антына адалдық танытқан мейірбике медицинаның әр саласында еңбек еткен. Қызмет бабын балалар емханасынан бастаған ол қайнаған жұмыс ортасында әбден шыңдалып, кәсіби білікті маманға айналған. Одан кейін №56 орта мектебінде 3 жылға жуық, аудандық орталық емханада 6 жылдан аса медбике болып жұмыс жасайды. Ал, 2006 жылдан бері «Балғын» балабақшасының мейірбикесі қызметінде.
– Осы балабақшада 12 жылдан аса мейірбике болып жүрмін. Әр баланың денсаулығын бақылау, олардың жағдайын уақытылы біліп отыру басты міндетім. Балаға қарау оңай шаруа емес. Әсіресе, тілі енді шығатын баланың денсаулығын бақылау тіптен қиын. Десе де, жүктелген міндетті абыроймен атқару міндетім, – дейді ол.
Ұжымда білікті маман атанған кейіпкеріміз отбасында аяулы жар, ардақты ана. Жолдасы Орман Изатов екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген отбасы. Бүгінде қыздарын қияға қондырып, үлкен отбасыға айналған. Айта кететіні, ұлы Рамазан Түркияның Карс қаласындағы медициналық университетте білім алуда.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
01 мамыр 2018 ж. 1 040 0