№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЕЛ ағаларына АЙТАРЫМ БАР...

ЕЛ ағаларына АЙТАРЫМ БАР...

    Таяуда әріптесім Нұрбек Бекбаумен тілдескенде тамаша бір идея айтты. Тақырып ауаны – жақсылық жолында жарысу. Ол – тұрмысы тұралаған отбасын теңгесіз жарылқауға болатынын сөз етті. Ондағы мақсаты – жасаған жақсылығын жария ету емес. Керісінше үлгі қылу. Қысқасы, Астанадағы үйіне жақын ресторанда күніне 300-500 адамдық 2-3 той һәм ас өтеді екен. Күніне 90 литр сорпа, 30 келі ас-ауқат төгіледі. Мейрамхана администраторымен кездесіп, артылып жатқан аста-төк астан жетісіне 2 мәрте жағдайы нашар отбасы әлгі төгілгелі тұрған 90 литрден 10 литр сорпа, аздап тағам алып тұрса деп өтініш қылады. Сапырылысқан салат пен етті ажыратудың қажеті жоқ. Сол күйі берсеңіздер болады деп келіседі. Соңыра, қолы қалт етсе, әлгі әулетке хал-жағдай сұрап, соғып тұрады. Сонда Нұрбектің айтқаны ғой: «Е-е-еһ, досым 3-4 жылдап ет жемеген отбасындағы балалары сорпаны терлеп, тепшіп ішіп жатқанын көрсең ғой. Шүкіршілік етіп, тәубеңе келесің» дейді. Расында, бір жағынан 90 литр сорпаның 9 литрін ысырап етуден сақтаса, екінші мұқтаж отбасының қайыр тілеп, көшеге шығып кетуінің алдын алды. Әрине, мұндай жақсылықты әрбіріміз жасай аламыз. Бұл қаладағы ахуал.

  Алайда, менің айтпағым бұл емес. Рушылдық мәселесі. Бас қосып алып, бөлінгенге бүйрегіміз бұрып тұрады ғой кейде. Ұлтты жамандап жатса, ешкім ләм-мим демеуі мүмкін. Бірақ рулас ағайынды тілдеп көрші, талқаныңды шығарады. Шындап келгенде, біздікі қыртым рушылдық. Егер шынымен рушыл болсақ, арамызда алақан жайған ағайын болмас еді. Бұрын әр ру өзінің жоқ-жітігін шетке жібермей, алдына малын салып, бір жалшының я малшының қызын алып беріп, қатардан шығармайтын. Өйткені, сол жетім мен жесір сыртқа шықса, рудың атына сөз келетін. Яғни, қазақы ұстанымда ұят болатын. «У ішсең, руыңмен іш» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті. Ал, бүгінгі таңда көріп жүргеніміздей, тұрмысы тұралаған отбасы жағдайын айтып әуелі мешітке, сосын кәсіпкерге барады. Мешіттің ахуалы түсінікті. Қал-қадірінше жамағаттан не бай-бағландардан жылу жинап, жәрдемдесуге тырысады. Кәсіпкерде қолда барымен бөлісіп, қолдау көрсетеді. Мұндай жылу сұрайтын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар көп. Осы тұста, қарап отырсақ, аудандағы әрбір рудың президенті, ақыл айтар ақсақалы бар. Егер шын мәнінде рушыл болсақ, сол жағдайы нашар, шын мұқтаждарды анықтап, қамқорлығына алса. Тек, өлім-жітімде ғана емес, осындай қиын-қыстау кезеңдерде де ру ақсақалдары алқаға салып, туысын түгендеп, тұрмысының тіктеліп кетуіне бәтуәлі сөзін айтса. Әрине, бір жылда барлық отбасының мәселесін шешіп тастау мүмкін емес. Соғұрлым, рушылдық сипат алғаны соншалықты көліктің сериялық нөмерін сәйкестендіру үшін 300-400 мың теңгесін мемлекетке қиып беріп жатқан жандар бар ғой. Одан да сол қаржыға шын мұқтаждың кем-кетігін жамасақ.

  Ең бастысы – қайырымдылыққа қадам жасалса, Алла арғы жағын құрастырады. Ниетті түзеп, ағайынгершілік қарым-қатынасты жолға қойсақ, қоғамдағы біраз шаруа шешімін табар еді. Елімізге танымал бір ғана Жамал апаның өзі қаншама отбасыға демеу болып, баспаналы һәм үйленіп отау құрауына себепкер болды. Ел мұны жақсы біледі. Мұндай дәулетті кісілер Жаңақорғанда да жоқ емес. Мәселе, өзгенің малын санау емес, сол малынан жоқ-жітікке зекетін шығарып, кәсібінің берекесін арттыруға үндеу.
Жалпы, ұлт бойындағы кез келген кемшілікті – кеңшілікке һәм ерекшелікке айналдыруға болады. Тек жолын тауып, дұрыс бағыт сілтей білсек игі...

Әбдісамат ӘБДІШ.

09 қаңтар 2019 ж. 1 228 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 14:14
Fluoxetine Want To Buy Medicine Mono And Amoxicillin vardenafil hcl 20mg tab Gonnorhea Amoxicillin Where Can I Get Digoxin Viagra A Poco Prezzo

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 16:08
Cialis Conditionnement levitra fr Vendita Levitra Generico Cout Du Cialis