№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БҮЙРЕККЕ ТАС ЖИНАЛСА ҚАЛАЙ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

БҮЙРЕККЕ ТАС ЖИНАЛСА ҚАЛАЙ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?


Пайдалы кеңең

Бүйрекке тас жиналса, ол адам денсаулығының нашарлауына алып келері белгілі. Ал, ол тасты шығару үшін көп ем-дом мен уақыт қажет. Жиналған тас бүйректен шығуы үшін бірнеше күн немесе айлар кету мүмкін. Дегенмен, тастың шығуын төмендегі амалдарды қолдану арқылы тездетуге болады.
 1. Бүйректегі тасты қуыққа айдап тастау үшін күн сайын 3 литрден артық су ішкен дұрыс. Су ішуді зәр мөп-мөлдір болғанша жалғастыру керек.
2. Бүйрек кенет ауырса, бақбақтан жасалған шайды мүмкіндігінше көп ішіңіз. Ол зәрдің шығуын мейлінше күшейтіп, сонымен бірге тастың шығуына жәрдемдеседі де, қанның бүйрек арқылы айналымын жақсартады. Кептірілген бақбақтың 2 шай қасығын 1 шыны суға салып, 15 минут демдеңіз. 
3. Жүгерінің шашағынан немесе бидайықтан жасалған шайды күн сайын 2-3 шынысын ішіп көріңіз. Олар зәр айдайды әрі бүйректе тас жиналуының алдын алады. 
4. Бүйрекке тас байланғанда қозғалудың өзі бір азап. Шамаңыз келсе аздап жүріп көріңіз. Ол бүйректен тастың шығуына жәрдемдеседі. 
5. Бүйрекке тас жиналуының нышаны байқалған бойда сереноа пальмасының жемісінен жасалған дәрмектің 2 капсуласын (160 мл) ішіп жіберіңіз. Тас бірден шыға қоймаса, ол шығып біткенше сол дәрмекті іше беріңіз. Ол баяғыдан қолданылып келе жатқан амал. 
6. Тас байланбаудың амалдары да жетерлік. Көбіне-көп сұйықтықты мол ішуге тырысыңыз. Күніне 2-10 шыны су ішкеніңіз абзал. 
7. Зәрдегі кальций деңгейін төмендету, сөйтіп қайтадан тас жиналуына жол бермес үшін тамағыңызда натрий аз болсын. Әуелі жартылай дайын өнімді, консервіленген сорпа, көже пайдалануды азайтыңыз. Күніне ішетін тамағыңызда натрий көлемі 2400 мл көп болмасын. Натрий – ас тұзы. 
8. Мүкжидек сөлінің 2 шынысын күн сайын ішіңіз. Ол кальцийді 50% азайтады. 
9. Оны жақтырмасаңыз апельсин не су қосылған лимон шәрбатының 1 шынысын 3/2-сін тамақпен бірге ішіп тұрыңыз.
  
19 наурыз 2018 ж. 3 180 2

Гость Jeahulalf от 13 ақпан 2019 04:45
Will Keflex Cure Pneumonia Amoxil 1g Avis Sur Le Cialis cialis overnight shipping from usa Baclofen Achat En France Discount Clobetasol Amex Worldwide Is Keflex Doxycycline

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 03:44
Valtrex Online Purchase viagra Amoxicillin Clavulanate