№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйлену тойында Алланың разылығын іздеп, садақа жасауға себепкер болды

Үйлену тойында Алланың разылығын іздеп, садақа жасауға себепкер болды



Бүгінде ханзада мен ханшайымдай аяғыңызды жерге тигізбей алып жүретін лимузин мен артынан ілескен он шақты темір тұлпарды жалдау құны аз қаржы тұрмайды. Жақында ғана отау көтерген жаңақорғандық Асхат Ильясовтың  игі ісі кісі қуанарлық. Ол отбасымен ақылдаса келе, «гулянкаға» кететін шығынды тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясын жасауға бекінеді. Осылайша, той күні «Хисамиддин Сығанақи» мешітіне арнайы барып, имамның ақ батасын алып,   соңынан сауапты шараға ұйытқы болады. Болашаққа нық қадам басқан жаңақорғандық жас отау жоқ-жітікке азық-түлік өнімдерін үлестерді. Яғни, тарыққанда не жаман түс көргенде емес, өзінің қуанышты күні үйлену тойында Алланың разылығын іздеп, садақа жасауға себепкер болды. Тұрмысы тұралаған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелерінің барлығы да жас жұбайларға ақ тілегін жаудырды. Дән риза екенін жеткізіп, дәл мұндай істің өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мол екендігін тілге тиек етті. Бұл сауапты істің ең басты ерекшелігі – той уақытылы басталады. Қонақтар жастарды емес, керісінше, жас жұбайлар қонақтарды тойханада күтіп отырады.

Айта кету керек, Жаңақорған ауданында бұл бастаманы байкенжелік Мақсат Әлиев бастап, кейін жастар көшбасшысы Әкімбек Әлібек қолдап, соңыра желі белсендісі, жас кәсіпкер Серік Бақытұлы жалғастырған болатын. Міне, осындай замандастар ізін жалғаған Асхаттың да ісі көпке үлгі.
                     Ерлан АБДРАСИЛОВ
16 қараша 2018 ж. 2 742 0