Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ АФРИКАДА БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ АФРИКАДА БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ


Павлодар тұрғыны Тоғжан Ынтықбаева күйеуімен және достарымен бірге Африкадағы мұқтаж балаларға көмектесуді ұйғарған. Олар ақша жинап, ондағы 280 отбасын тамақтандырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тоғжан Ынтықбаева Instagram желісіндегі парақшасында Африкадағы мұқтаж балаларға көмектесу үшін барған сапарынан сурттер жариялады.
Тоғжанның айтуынша, ол күйеуі және достарымен бірге арнайы QR-коды бар карталар сатып, сол арқылы 2,5 миллион теңге жинаған. Ал жиналған ақшаға бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, сонымен қатар кофе, қызанық пен макарон сатып алыпты. Бойжеткен жалпы саны 280 пакет жинаған.
Тоғжанның сөзінше, Африкада өмір сүруге дұрыс жағдай жасалмаған.
«Бәрі игі іс жасауға деген кішкентай ғана ниеттен басталған еді. Алайда қазақстандықтардың мейірімділігі бізге 2,5 миллион теңге жинауға көмектесті. Бүгін біз ауылда 10 пакетті үлестірдік. Оны тағы екіге бөлдік. Себебі ауыл тұрғындары еккен егіндерін талғажау ететіндіктен, бізге осылай кеңес берді», – дейді Тоғжан.
Сондай-ақ, Тоғжан Ынтықбаева Қазақстан мен Африкадағы кейбір заттың бағасын салыстырды. Елімізде 1 литр шырынның бағасы 400-500 теңге болса, Африкада 1500-2000 теңгеге сатылады. Ал Қазақстанда жөргектің кішкентай қаптамасы 1000-1200 теңгеге сатылса, Африкада бағасы 10 000-12 000 теңгені құрайды.
Сонымен қатар Тоғжан ақша жинауға көмектескен қазақстандықтарға алғыс білдірді. Оның сөзінше, ендігі Африкадағы 280 отбасы бір ай көлемінде тоқ жүретін болады.
29 мамыр 2018 ж. 1 185 0