№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АУЫЛДЫ ҚОЛДАУДЫҢ АЙШЫҚТЫ ҮЛГІСІ

АУЫЛДЫ ҚОЛДАУДЫҢ АЙШЫҚТЫ ҮЛГІСІ


Елбасының салихалы саясатының арқасында еліміздің өсуіне және өркендеуіне оның болашақ даму бағыттары Жолдауда нақты айқындалған. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту жолдары «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген. Расында Президент халыққа арнаған Жолдауында елдің қарқынды дамуына негіз бола алатын маңызды тетіктер атады. Бірінші кезекте, халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту, 30 озық елдің қатарына қосылу. Ол үшін елдегі жеделдетілген технологияларды жаңғырту, макроэкономиканы тұрақтандыру, адами капиталды жақсарту, білім мен ғылымды экономикалық өсімнің басты тетігіне айналдыру. Міне, аталмыш бағыттар ел әлеуетінің артуына даңғыл жол ашады.
Бұдан бөлек, құнды құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалғасын таба беретінін айта келе, ауыл мәдениетін асқақтатын жаңа жобаны ұсынды. Яғни, «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен «Өз жеріңді танып біл» атты жаңа бастама аясында өңірдегі жаппай мектеп туризмін қайта жаңғыртуды тапсырды. Жасыратыны жоқ, Жаңақорған қашаннан тарихи нысандарға бай өлке. Әрбір төбесі мен тасын түрте қалсаңыз тіл бітеді. Қаншама құпиясын ішке бүккен көне шаһар мен мәдени мұра көмбеде жатыр. Әсіресе Сығанақ қалашығын ашық аспан астындағы этонотуризм орталығына айналдыру күн тәртібінде. Мектеп оқушыларын бөлек, көне шаһарға көптеп туристерді тартуға болады. Бізде тамсана тамашалайтын, жалықпай көрікті жерлерді аралайтын орын жеткілікті. Өз дәуірінде «Қыпшақ даласының гаваны» деп аталған, мемлекеттің сауда және саяси орталығы ғана емес, Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ мектеп туризмін дамытуға сұранып тұрған шаһар. Оған қоса, мұнда тарихи деректер бойынша теңге сарайы болған. Осындай құнды мәліметтердің қиюын қиыстырып, көне Сығанақ шаһарын этнотуризмнің орталығына айналдырсақ Сыр елінің брендіне айналары сөзсіз.
Десе де, Сығанақ этнотуризм мекеніне айналғаннан не ұтамыз? Бірінші кезекте, жұмыс көздері ашылады. Қалашыққа жақын орналасқан Сунақ ата ауылының кәсіпкерлері арнайы киіз үй тігу арқылы қымыз-қымыран саудасын жүргізуге мүмкіндігі бар. Екіншіден, егер тұрғындардың жол талғамайтын не сыйымдылығы мол автокөлігі болса, ақылы түрде туристерді Сыр жағасындағы Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, Хорасан ата, Құмиян, Ақтас-Айқожа ишан кесенесі, Сауран және ежелгі адамдардың жазған петроглифтері бар Бесарық ауылындағы таңбалы тастарға апарып көрсете алады. Үшіншіден, қазақ, орыс, ағылшынша ағып тұрған гид не экускурсовод болса, тіптен тамаша. Ақысын сағатына қарай есептеседі. Оған қоса, Сығанақтың жер асты жолын ғылыми айналымға енгізіп, зерттеу жұмысын жүргізсе, бұлда бір маршруттық бағыт болары айқын. Түптеп келгенде, этнотуризмнің түпкі мақсаты, келген қонақты күтіп, тайқазанға табыс түсіру. Келесі жолы қайта келетіндей әсерде қалдыру. Осы арқылы аудан экономикасын дамыту.
Түйіндей айтқанда, Ел Президенті Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде үлкен міндет қойып отыр. Ендігі кезекте бағдарламалық құжаттан туындаған басым бағыттарды ел арасында насихаттап, оның жүзеге асуына белсенді атсалысу халық қалаулысы ретіндегі негізгі міндет деп білеміз.

Әзия ҚЫСТАУБАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты.
20 қазан 2018 ж. 1 088 0