№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Біз білетін жақсылық

Біз білетін жақсылық

Аудан тарихының айнасы атанған «Жаңақорған тынысы» (бұрынғы «Коммунизм жолы») газетіне де бүгін 85 жыл толды. Айтуға оңай болғанымен өткен кезеңдердің белесінде қаншама еңбек, қаншама тілшілер мен сақа журналистердің қолтаңбасы, маңдайының тері, жүректерінің жылуы қалды. Сол бір жылдардың куәсі болған мен де, бір сәт өткенге оралып, осы газетте еңбегі сіңіп, буына қатайып, қаламы төселіп танымал болған әріптестерімнің бірі, әрі аға тұтынып, қамқорлығына бөленген Жақсылық Шайманұлы  Рахматулла жайлы толғанбақпын.
Расында қалам тартып, баспасөзге қатысып жүрген жерлестерім үшін Жақсылық кез-келгеннің бірі емес. Республикалық орны бар, өзіндік қолтаңбасын тауып, қарасөз жанында өнімді қалам тартып жүрген жазушы-публицист. Кезінде Сырдария аудандық «Сырдария» (1985-19661), облыстың бас газеті «Сыр бойында» (1996-2008) бас редактор болып қызмет атқарған. Оған қоса Республикалық Журналис­тер Одағының басқарма мүшесі. Әлденеше көркем хикаяттар, әңгіме, публицистика және романның авторы. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. Талайдың ұстазы, біз секілді өлең мен өнерге жақын ақындар мен журналистердің ағасы.
Жиырмасыншы ғасырдың 1966 жылдары болатын. Шиелі ауданынан енші алып үшінші рет бөлініп отырған Жаңақорғанда маусым айынан бастап аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газеті шыға бастады. Оның алғашқы редакторы, әрі ұйымдастырушысы, облысқа танымал журналист Мырқы Исаев болатын. Бұл тұста жаңа ұжымда жауапты хатшы болып Әбділда  Жаңабеков, редактордың орынбасары болып Қалжан Исмайлов, хат бөлімінде Үмітай Өміртаева, ауылшаруашылығы бөлімінде Айдархан Бибасаровтар еңбек жасады. Жаңа лектің қатарын осы тұста Жақсылық Рахматулла, Бақтыбай Айнабеков, Оңалбай Садықов, Төлеуғали Отарбаев, Сәйдін Қожаев, Тұмарбай Жәненов, Ыдырыс Дәрібаев, Әкім Мейірбеков, Үсен Әбшенов, Қуат Оразбаев, Құдайберген Ертасов, Пахмадин Айнақожаевтар толықтырды.
Газет ашылған жылы мен әдеби қызметкер болып қабылдандым. Бізден екі жыл бұрын мектеп бітірген Жақып газетте қызмет ететін. Мектептегі әдебиет үйірмесіне үзбей қатысып жүргендіктен кезінде Жақсылықты жақсы білетінмін. Ол жылдары өлеңімен танылған Қоржынбай Кемелбеков, Көбей Өтжанов, Сейсен Мұхтарұлы, сазгер-ұстаз Нағызхан Жаманбаевтермен жас болсақ та шығармашылық бір-бірімізді тез таныстырған-тын. Сол тұста газет жанрын терең меңгерген, өлең жазумен айналысатын Жақаңды өз тұтастарынан көш биік көретінбіз. Аудан өмірін, шаруашылығын жақсы білетін ол қай тақырыпқада қалам тартсада оқушысын елең еткізіп, таңырқатпай қоймайтын. Жақан білгенін үйретіп, қамқор пейілде ақыл-кеңесін аямайтын. Мектептен соңғы шикілік газет қазанында шыңдалды. Жақанмен бірге бір үйде жездесі Мұхтаров Әбділдәнің үйінде жастық кезеңнің біршама уақытын өткізгеніміз бар. Сол жылдары ақындар: Адырбек, Бақтыбай, Әкім,  Қуат, орынбасар болып Жақаңның басшылығымен газет жанындағы «Сыр перзенті (әдеби бірлестігіне тұрақты қатысып, өлең оқып, әңгіме тыңдап, талай ой-пікір айтып, өнердің жұмбақ сырларына қанық болар едік. Бірқатарына аудандық газеттен «Сәт сапар» тілеп, тырнақалды өлеңдерінің тұсауы кесілген еді. Солардың көпшілігі бүгінде бүкіл Республикаға танымал ақын-жазушылар. «Сыр перзентінен» сәт сапар алған Есенғали Рау­­шанов, Жанат Ахмади, Жолтай Әлмаш, Жадыра Дәрібаева, Нұрмахан Елтай, Базарбай Исаев, Байбота Серікбаев, Нұртас Исабаев, Гүлзат Шойбекова бүгінде әдебиет сүйер оқырманға кеңінен танылғандар.
Жақаң аудандық газетте жүріп толыс­ты, шығармашылыққа біржола бет бұрды. Қызметін өсіріп әдепкіде газеттің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болды. Сол кездегі КСРО журналистері Одағының мүшесі болды. ҚазМу-дың журналистика факультетін, Жоғары партия мектебін бітірді. Ауылдағы қайнаған тіршілікте жүріп биік белестерден көрінген қарымды қаламгерді сол тоқсаныншы жылдардың басында «Ленин жолына»(бүгінгі «Сыр бойына») алып кетті.
Ұйымдастыру қабілеті мен жазу шеберлігін ескерген жоғары орындар жерлес жазушыны облыстағы бас газетіне бас редактор етіп тағайындаған еді. Ол мұнда өзінің тоғыз жылын өткізеді.
Жақан бүгінде елге танымал жазушы. Ол туған жердің тыныс тіршілігіне, ары биік адамзат өмірінің иіріміне арналған талай дүниелерді өмірге әкелді. Олардың қатарында «Жанымның жарығы», «Өмір самалы», «Алыстай берген ауылым», «Ғұмыр дария», «Тулаған толқындар», «Жастықтың жанар таулары», «Меңсұлу» т.б әңгіме, хикаят, роман, очерктер кітаптары оқушы біткенге белгілі.
Бір кездерде сырлас, пікірлес, аға болған Жақсылықтың газетте жүргендегі кезеңдерінің бір-екеуін еске ала отырып сөзімді төмендегі өлең жолдарымен аяқтасам деймін.
Талант болар әкеден қалған,
Ертеңгі күні шығатын алдан.
Жүрген жолында белгі қалмаса,
Өткен күніңде бәрі де жалған.
Мінезге байсың, сырбазсың сері,
Ғайбаттап ешкім демейтін сені.
Кішіге қамқор, аға деп жүрген,
Жолыңа бірге ертіп ап мені.
Файзулла Сахиев,
ақын-журналист.
Ауданның «Құрметті азаматы».
15 тамыз 2018 ж. 1 327 0