№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ана тілі – ұлтымыздың айбары

Ана тілі – ұлтымыздың айбары

Мемлекеттік тілге деген мәртебе күн сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы халыққа Жолдауында ана тілге басымдық беріп, барлық сала қызметкерлеріне міндеттеді. Сондықтан тілге деген құрмет қашанда бірінші орында тұруы тиіс.
XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Еліміз тәуелсіздік жолының жиырма жетінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа елдермен иығын тең тіресер кезеңде тіліміздің қазіргі жайы кімді болмасын толғандырмай қоймайды. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол- ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан бастау алуы тиіс.
Ана тілдің құдыретін, қадірін сезіну, білу әрбір азаматтың азаматтық борышы. Ішкі істер, құқық қорғау саласында еңбек ететін әрбір қызметкер осы жауапкершілік жүгін арқалап жүр.
Ермұханбет ӘБДРАМАНОВ,
полиция капитаны
27 қыркүйек 2021 ж. 637 0