№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТІЛ – ҰЛТ ЖҮРЕГІНІҢ БІР БӨЛШЕГІ

ТІЛ – ҰЛТ ЖҮРЕГІНІҢ БІР БӨЛШЕГІ

Жер бетіндегі халықтың өзіне тән тілі, діні, салт-дәстүрі болады. Әлбетте, тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тіліне тікелей байланысты. Өйткені, тіл – халықпен бірге мәңгілік өмір сүреді. Ажырамас бөлшегі, мәңгі мұрасы, ұлттық құндылығы. Бір сөзбен айтқанда, елдің ел екенін көрсететін, ұлттың ұлт екенін ұқтыратын мінбері.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де, саналы ұрпақпен өсіп-өркендейтіні сөзсіз. Олай болса, сауатты ұрпақ тәрбиелей отырып, ана тілімізді құрметтеу біздің Отан алдындағы үлкен парызымыз.
Осы қасиетті де, қадірлі ұлттық құндылығымды жоғалтып алмауымыз керек. Қазақта «тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген тәмсіл бар ғой. Сондықтан тіл мәселесі бірінші орында тұруы заңдылық, әрі борыш.
Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тілге деген құрмет бірінші орынға қоя отырып, жұмыс жасайды. Бұл ең алдымен ана тілге құрметті көрсетеді.
Шыңғыс ПАЗЫЛОВ,
аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары
19 маусым 2021 ж. 1 065 0