ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Расында ұлттың алтын қазынасы саналатын ана тілдің құдыреті шексіз. Тіл – ұлттың жаны болса, оның болашағы – ана тілінде.
Сондықтан, тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» дегені пайымы ойға оралады. Демек, біздің кемелденуіміз ана тіліміздің баяндылығында. Қазіргідей жаһандану дәуірінде ана тілдің қасиетін кетіріп алмасақ болғаны. Ол үшінқоғамдағы жиындардың қазақ тілінде өтуіне үлкен мән бергеніміз жөн.
Түйіндей айтқанда, ана тілі – алтын қазына, оны қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз. Сондықтан, тілдің ертеңін ойласақ алдымен өзімізден бастаған дұрыс болар еді.
Шыңғыс ПАЗЫЛОВ