№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ат салысайық!

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ат салысайық!

Тіл - адамның адамдық белгісінің жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса қандай күйге түсер еді. Ана тілімізді қастерлеу- біздің міндетіміз. Тіл – халықтың жаны да, сәні де. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін де өзіміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары барлық жұртшылық өз ана тілі үшін белсенділік, табандылық танытуда. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы  өзекті мәселе. Тәуелсіз егемен Қазақстанымызда тіл мәселесіне айтарлықтай тұрақты көңіл бөлініп келеді. Өйткені, тіл – біздің жарық дүниеге шыр етіп келгендегі – ана тіліміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызбен қатар біздің елдігіміздің құнды белгілерінің бірі болып келеді.
Қазақ тілі қазаақ халқының ана тілі. Ол – халықтың тарихымен бірге жасап, бірге дамып ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Барлық жағдайда республикада білімді, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы жамыту тілі болып отыр. Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан барлық сала бойынша әртүрлі деңгейдегі атқарылып жатқан шаралар көп ұзамай өз нәтижесін берері анық. Ол үшін баршамыз бірауыздан атсалысуымыз керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазіргі уақытта қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлтаралық ортақ қарым-қатынас тілі. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни, қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық  беделін арттыруға, нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен
дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті» деп көрсетілген.  Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – зор міндет. Еліміздің тиісті сала басшылары, тілші, ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым соған назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы – келелі істердің бірі болып саналады... Мемлекеттік тілдің жағдайы жүрегі «қазақпын»деп соғатын әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске жұмыла кірісіп,  бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете, мәртебесін асқақтата түсетініміз анық. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол сол елдің мақтанышы. Өйткені, мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Өйткені, өркениетке құлаш ұратынелдің өрісі қашан да білекті де, саналы ұрпақпен кеңейіп, көбеймек.
Адамзат тарихының мыңдаған ғасыр бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, қоғам меен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – бұл тіл мәселесі.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы  елі мен жерін, діні мен тілін, дәстүрі мен ғұрпын сақтап қалу жолында талай қиын - қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені, ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілік елдігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде, мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі тіпті мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Өйткені, егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік.

М.Ә.Дәріқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
13 наурыз 2019 ж. 1 316 0