№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қалам қуаты

«Жаңақорған тынысы» газеті талай ақын-жазушының қанатын қатайтып, елге танылуына жағдай жасады. Көркемсөз шебері Тынымбай Нұрмағамбетовтің тырнақалды шығармаларын аудандық газет арқау етті. Жазушы, ғалым Жолтай Әлмаш, белгілі журналист Берік Бейсенұлы алғашқы мақалалары да біздің газетте жарық көрді. Бүгінде осы газеттің қазанында қайнап, газет өндірісіне атсалысқан ардагер қаламгерлер арамызда жүр.





Әсіресе, байырғы редактор Алмас Бекжігітов басқарған жылдары оқырмандардың ағыл-тегіл хаттары бір бөлімнің тынымсыз тіршілігіне арқау болды. Редактор бағанынан жас қаламгерлерге жол сілтер сыни пікірлер айтылып тұрды. Қолға қалам ұстаған жасөренге жетіқарақшыдай жол көрсетіп, қазақ журналистикасының әліппесіне айналды. «Оқырман хатына шолу» жазып, көркемдік және стильдік қателіктерді ескере отырып, оқырмандардың арасынан мықты қаламгерлердің легінің қалыптасуына күш салды. Бір сөзбен айтқанда, газет ақпараттық әрі тәрбиелік құрал ретінде халық алдында беделі биік болды.
Осындай шығармашылық ысылудан өткен біз де мектеп қабырғасында жүріп үзік-үзік ойларымызды газетке жолдап, аға-әпкеріміздің сынына іліккенімізге марқаятынбыз. Сол ардагер әріптестер арасында бізге тірек болып жүрген Алмас Бекжігітов, Мағираш Тұрсынбаева, Ерубай Қалдыбек, Пахмаддин Айнақожаев, Файзулла Сахиев оқырманына әлі де адалдық танытып келеді. Әрине, газет өндірісіне араласып, шығармашылық ізденіс желісімен ұйқысыз түндер өткізіп, бір мақаланы сан түрлендіре жазу машақаты ауыр. Мұндай жүкті көтерген кез-келген қаламгерді жақын тұтамыз. Содан болар Мағираш Тұрсынбаева, Пахмаддин Айнақожаев, Файзулла Сахиев газет саласынан зейнеткерлікке шықпаса да, өзімізге жақын тартып жүреміз. Өйткені олар да газеттің өтпелі кезінде еңбек етіп, өндіре мақала жазып, аудан оқырмандарын рухани-мәдени тұрғыда сусындатты.
Мағираш Тұрсынбаева фейзбук әлеуметтік желісінде лирикаға толы «Саған жазған хаттардан» айдарымен өлеңдерін жариялап, қалың орқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп жүр. Кезінде газетте «Тау қызы» деген лақап атпен халықтың шынбайына батқан күрмеулі мәселелерді көтеріп,сын мақала жазған талантты қыздың қаламының қуаты қайтпағанын байқатады.
«Қаратау саған сырымды айтам...» атты мақалалар сериясымен көпке танылған ақын Файзулла Сахиев те жалынды жырларымен оқырмандарымен ой бөлісуде.
Жүрегім жырға жылынып,
Сағынып тәтті күй кешем.
Жанарға тамшы мұң іліп,
Таулармен кейде тілдесем.
Қайырлы таң деп әлемге
Келеді сосын тіл қатқым.
Құлағы осы сәлемге,
Елеңдеп тұрар гүл-бақтың, – деп басталатын өлең жолдары туған жерге деген перзенттік пейілді аңғартады. Оқырман жүрегіне шынайы болмысымен, ақпейіл көңілімен жол жартқан ақынның бүгінгі күні ізінен ерген қаншама ақындар легі бар десеңізші. Шәкірт тәрбиелеп, ізін ұлғайтқан ағаның бұл ісін халық та құрметтейді.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Пахмаддин Айнақожаев ағамыздың өмір жолына зер салсақ «Жаңақорған тынысында» тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, баспахананың бұрынғы директоры қызметін атқарды. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек етті.
Көпшілікке Ер-Бек есімімен таныс Ерубай Қалдыбек ағамыз жуырда «Қалам сәулесі» атты кітабын жарыққа шығарды. Түркия елінде таспаланған туынды ауданның айшықты оқиғаларына арналды. Кітап Жаңақорған ауданының тарихын, тұлғаларын білгісі келетін адамдар үшін құнды кітап болып табылады. «Дарабоз Дүкенбай», «Періште мінезді Адекең», «Бақтыбайдың биігі», «Жолтай құрмет биігінде», «Атабаевтың дара жолы», «Әлшекейдің тәбәрік тоны», «Сыршыл сазгер Сауранның саз әлемі» және т.б тұлғатану тағлымдамасы терең мақалалары топтастырылған.
Одан бөлек, өлкетануға арналған зерттеу мақалалары оқырман тарапынан жоғары бағаланғанын айту керек. Бұл қатарда «Сырын терең Сауран», «40 трактор қайдан келді?», «Көне қорымдар қорқауға зәру», «Көкбөрінің тажалы» т.б мақаласын жатқызуға болады.
Қысқасын айтқанда, аға буынның адымынан тілшілік тәлім алып, қалам қуатынан күш дарытып қаламгерлер ізін жалғастыру бүгінгі жастардың басты мақсаты. Ақ қағаздың бетіне ақтарылған ақпейіл өрнектердің әрбір иірімінде жас буынға деген жанашырлық, келешекке деген үміт оты жүктелетіндей. Ағалар салған қаламгерлік жолда бізге қиянат жасауға қақымыз да жоқ! Біз осыны бағдар етіп келеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
26 маусым 2021 ж. 898 0