№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ жоғары

ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ жоғары

  Жаһандану жағдайында мемлекетті нығайтып, тәуелсіздікті баянды етуде қаламгерлерге жүктелер жүк ауыр. Оған күн өткен сайын ақпараттық соғыстың өрши түскенін сезіп, біліп жүрміз. Бұл «жегені жантақ, арқалағаны алтын» журналистерге жауапкершілікті арттыратыны сөзсіз. Сондықтан болар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» ретінде 28 маусымды белгілеп, журналистерге құрмет көрсетуді жөн санады. Атаулы күнді жаңақорғандық қаламгерлер жоғары деңгейде атап өтті.

«Арман» кенттік мәдениет үйінде өткен «Қанатты қалам-2019» атты шараға «Жаңақорған тынысы» газетінің шығармашылық ұжымы, ардагер қаламгерлер, көзі қарақты оқырмандар қатысты.
Алдымен жиналған қауым «Жаңақорған тынысы» газетінің журналистік өмірдің мехнаты жайлы дайындаған бейнесюжетін тамашалады.
«Газеттің сөзі бір күндік, өзі мың күндік» дегендей журналистер түнді түнге жалғап, шабыт іздеп, мақала жазады. Кейде айлар бойы ұйқас іздеп, оқиды, тоқиды, пікірлеседі. Тіпті жылдап жазатын шығармалары да болады. Әрі оны бітіргенінше дамыл таппайды. Мұның бәрі жұмысқа деген жауаптылығы, шығармасына деген шынайылығы, газет өндірісіне адалдығынан. Мұндай ауыртпалықты екінің бірі түсіне бермейді. Аудан әкімі Ғалым Әміреев журналистердің кәсіби мерекесіне арнайы келді.
– Ауданға келгелі екі тұлғамен етене танысып, араластым. Оның бірі балалар әдебиетінің классигі, ақын Адырбек Сопбеков болса, екіншісі жазушы Айдархан Бибасаров еді. Екі шығармашыл тұлғаның төл басылымға, аудан руханиятына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Шүкір, қаламгер ағаларымыздың артында лайықты ізбасарлары қалды. Оған бүгінгі «Жаңақорған тынысы» газетінің кескін-келбеті мен мазмұны дәлел. Бүгінде біздің газеттің өңірдегі кез-келген газеттен шоқтығы биік, мерейі үстем. Бұл – менің бағам емес. Бұл – өмірін сөз өнеріне арнаған әкемнің ойы. Бұл – Сыр өңірі қаламгерлерінің ортақ сөзі. Төл басылым – «Жаңақорған тынысы» алдағы уақытта да осы биіктен түспей, асқақтай беруіне тілектеспін, – деді аудан басшысы.




Одан соң ардагер қаламгерлер мен жас журналистер марапат биігіне шығарылды. Облыс әкімінің «Құттықтау хаты» Алмас Досжанұлы, Файзулла Пәзілбекұлы және Пахмаддин Айнақожаұлына табысталды. Айта кететіні, Пахмаддин Айнақожаев Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңестің шешімімен «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісімен де марапатталды. Ал, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» газеттің байырғы редакторы Алмас Бекжігітов марапатталды.
Қандай ұжым болмасын азаматтардың қолдауынсыз өрлей алмайды. Осы ретте, руханият пен мәдениет саласын асқақтатуға мән беріп, шығармашылық ұжымды демеп жүретін азаматтар көп. Бұл қатарда Жанкелді Ысқақ, Мәдіхан Бекжанов, Мәжит Балқожаев, Әбілғазы Төлегенов, Құлмағанбет Исаханов, Бақытжан Абдуллаев, Болат Ибрагимов, Яхия Шорабаев, Аягөз Айдосова, Махмұт Рақымжанов, Изатулла Үсенов, Бақытжан Тасболатов, Арман Мажитов, Нұрболат Аширов, Ерлан Палманов, Ғазиз Әйтілеуов, Әбілқайыр Сыздықов және т.б. ерекше атауға болады. Әрине оның қай-қайсына болмасын газеттің ықыласы ерек. Дегенмен шығармашылық ұжым биылғы «Газет жанашыры» номинациясына Жанкелді Ойшыұлы мен Изатулла Ергешұлын таңдады.


«Қарымды қаламгер» атағына ардагер қаламгер Файзулла Сахиев пен Мұзарап Махмұтұлы ие болды. «Үздік автор» номинациясына Ерубай Қалдыбек пен Әлімжан Ержанов лайықты деп танылды. «Қуатты қалам» номинациясы Әлімхан Баубекұлына берілді. Зәкира Оспанқызы «Ойлы оқырман» атанды.



Аға буынның марапатынан соң, газет өндірісіне өзіндік үлес қосып келе жатқан жас буындар Лаура Әбілханқызы мен Жансая Нұрқожа «Жаңашыл журналист» мадағына ие болды. Ал, жаңа медианы меңгеруге бағыт алған Ханзада Төреханқызы «Үздік SMM маман» марапатына қол жеткізді. Газет таратуда белсендігімен ерекшеленген Бегалы Әбілпаттаұлы «Үздік газет таратушы» атанды.
Газет өндірісі мақала дайындап, баспаға беруден ғана тұрмайды. Таралым ауқымын кеңейту, мазмұнды тақырыптар іздеу, уақытылы тарату және т.б қатар жүруі тиіс. Мұндай үйлесімді жұмыс болмаса қаншама күнгі ізденістің, ерен еңбектің текке кеткені. «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев шығармашылық ұжымға қолғабыс ететін осындай тұлғаларға «Алғысын» жолдапты. Оны бас редактор Нұрлат Байгенже аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлына, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ерзақ Өмірзақұлына, білім бөлімінің бас инспекторы Майра Тұрылқызына, аудандық кітапхананың директоры Әсемгүл Манапқызына, аудандық емхананың бас мейіргері Тұрғаш Дәниеваға табыстады.


Марапаттан шығармашылық ұжымның белді өкілдері Баян Үсейінова, Әбдісамат Әбдіш, Жұпар Шаймерденова, Жасұлан Сейдеметовте құр қалмады. Оларға аудан әкімдігіне қарасты сала басшылары құрмет көрсетті. Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева да шығармашылық ұжымды құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Салтанатты рәсім соңы «Арман» мәдениет үйі мен журналистер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Онда Жансая Туременова, Асхат Накипов, Баян Үсейінова, Ескендір Ертай әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кететіні, сол күні «Жаңақорған тынысы» газетінің дизайнері Ерлан Абдрасилов Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіндегі салтанатты шарада «Үздік дизайнер» номинациясына ие болды. Бұл біздің газетке облыстық деңгейде берілген баға болса керек-ті.

Ханзада ДОШАН.



02 шілде 2019 ж. 1 447 0