№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қасиетіңнен айналдым, қара өлең...

Қасиетіңнен айналдым, қара өлең...

Талант – таңдап қонатын бақ. Мұны талай талантты жастармен сұхбаттасқанда мәнін ұғып, зердеге тоқыдық. Көкірегіне қонған сәулелі өнерді аялап, талай додаларда топ жарған жас дарын Серікболсын Шүкір сөз өңірінің қасиетін сезініп, өнерін шыңдап келеді.


Қазақтың қара өлеңінің құны шексіз. Бір ауыз сөзге бүтін бір елдің базынасы мен сұлу назын сыйдырып, астарлы сөзбен әдіптейтін, көркем сөзбен өрнектейтін ақындық өнердің тылсымы тереңде жатыр. Жүректен суырып салып, мың жүрекке нұр құятын қасиетті өнерді қасиет тұтқан тектілердің болмысы да бөлектеу келеді. Кейде балғын баладай, кейде парасатты тұлғадай сөз саптайтын қаламгердің ешкім білмейтін құпиясы да көп. Мұны кейіпкеріміз Серікболсын Шүкір де растайды.
–Жүрек тебіренбей өлең түзу мүмкін емес. Мұхиттағы маржандай тереңдерден сөз сүзіп, ішкі сезіміңдегі толғанысқа толы ойыңды көпке жеткізе білу де оңай дүние емес. Кейде арқаланып, кейде толғанып, түрлі сезімдерді бастан кешемін. Бұлай болмайынша, тәуір өлең тумасы анық. Мен өзімді нағыз ақынмын дей алмаспын, алайда қара өлеңнің қасиетін дәріптеуші деуге болады, – дейді жас дарын.
Жас ақынның өлеңіне мән берсек, көбі туған жері Машбек ауылына арналған. №196 орта мектептің 9-сынып оқушысы түрлі тақырыпта өлең жазып, ол республикалық басылымдарда жарық көрген. Аудандық, облыстық мүшайраларда жүлделі орындарға ие болып жүрген жастың музасы да туған жерге деген махаббатта жатса керек-ті. Ауылдың тіршілігі, ағайындар арасындағы татулық, балалық шақтың бал дәурені айна-қатесіз көз алдына тұра қалады.
Ертеден келе жатқан қорғаным шын,
Көне көз қариялы орманымсың.
Шежіресі тамырлы мақтана алам,
Туған жерім бір өзің болғаны үшін.
Құмында жасырынған сыры бардай,
Бұл жерде Жошы ханның ізі қалған.
Көрген адам көркіне құнығардай,
Сыр суының артық-ау жүзі балдан – деп басталатын «Жаңақорғанға арнау» өлеңі аудандық мүшайраларда бәсі биік екенін байқатқан-ды. Лирикалық бағытта қалам тербеген жастың сөзі салмақты, ойы анық. Тарихтан хабары мол, ізденімпаздығы анық байқалатын баланың алға қойған мақсатын сұрадық. Ақындық өнерін дамыта беруді үзбейтінін айтқан ол, болашақ мамандығын фельдшерлікпен байланыстырып жүргенін сөз етті.
Серікболсынға ақындық өнер өз анасының ақ сүтінен дарыған. Анасы Фарида Қанаева үй шаруасында жүрсе де, арагідік өлең жазып тұратыны бар. Сөзге шебер, тілге шешен анадан ақын бала туылуы да заңдылық емес пе? Талапты ұлдың таланттын шыңдап, өнерге баулыған ұстаздары Машбек уылдық ауылының клуб үйінің директоры Майра Таубаева мен жетекшісі Жазира Үйсінбаева қолдауын аяған емес.
–Серікболсынның алғашқы өлеңін тыңдағанымда, нағыз таланттың тұрпатын көрдім. Осы баладан түбі үлкен ақын шығады деп сеніп, аудандық мүшайраларға қосып, талабын аштық. Ауылда өресі биік ақын болмаса да, бар білгенімізді үйретіп, поэзия кітаптарын оқытып, дамыта түстік. Осы қасиетін бағалап, әрі қарай дамыта түссе, нағыз ақын шығады, – деді Мира Таубаева сөз арасында демеп.
«Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу» дегендей, кесек-кесек сөз саптап, десте-десте өлең өрбітіп жүрген жас жерлесімізді көпшілікке танытуды құп көрдік.

Мақпал МАРҚАБАЙ
08 маусым 2021 ж. 757 0