№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Талант – таңдап қонатын бақ

Талант – таңдап қонатын бақ


Талант болмысымен ерекшеленіп, дарындылығымен дараланып тұрады. Жастардың бойындағы талантты танып, оны қолдап, шыңдалуына демеу маңызды. Осы себепті жас таланттың бірі Салтанат Бейбітті көпшілікке танытуды жөн көрдік.


Ол №163 мектептің 2 сынып оқушысы. Бойында алғырлық басым. Көркем оқудың хас шебері деуге болады. Аудандағы айтулы шараларда мәнерлеп оқудан өнерін көрсетіп жүр. Тілі тәтті балақай өлең оқығанда аудиторияны елітіп, әсем сезімге бөлейді. Сондықтан болар, аудандық балалар фестивальдерінде жиі бой көрсетіп жүр.
Оның дарынын 4 жасында байқаған анасы балаларға арналған түрлі тақпақтар жаттатқызып, тілін ерте шығарыпты. Бүгінде сыныптағы шараларға жүргізуші, әрі әнші, биші болып түрлі образ сомдап жүрген жас дарын халықаралық жарыстарға қасып та үлгерді.
Жуырда Абай шығармашылығын насихаттауға арналған «Бала дарын» орталығы ұйымдастырған республикалық додада І орын алып, ауданның абыройын асырды. Бұл оның алғашқы жүлдесі емес. Бұған дейін аудандық, облыстық байқауларда бағын сынады.
Көркемсөз оқумен қатар бишілік өнерді дамытып жүрген жас «Еркеназ» би тобымен бірге халықаралық «Ақ көгершін» байқауына қатысып, екінші орынға табан тіреді.
–Отбасында өте ерке қызымыз елдің қызына айналып келеді. Оның көркем мінезіне, инабаттылығына, еңбексүйгіштігіне разымын. Жаратқан жолын ашық еткей дейді, – анасы Әсем Сағатқызы.
Иә, қазақта «ана көрген тон пішер» демейді ме?! Салтанаттың зейіні ашылуына кітапханашылар отбасынан шыққаны болса керек. Әжесі Гүлзиба Ибрагимова ұзақ жыл кітапхана саласында еңбек етсе, анасы Әсемнің Жаңақорған аудандық кітапханасының беделді кітапханашы.
Міне, көркем әдебиетке қадам басқан дарынның оқыған кітаптары өте көп. Оған себеп те жоқ емес.
– Анам үйге жиі кітаптар әкеліп, оны мәнерлеп оқытады. Түсінігімізді сұрайды. Жеке ойымызды біледі. Осылайша жаңа кітаптарды талдап, зерделеп жүреміз. Сыныптастарым енді ғана әріп танып жүргенде менің 42 әріптен хабарым болды. Орысша, ағылшынша ертегілерді оқығанды ұнатамын. Биді әсемділік үшін ғана емес, өнер деп бағалаймын, – деді жас қыз Салтанат.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, болшағынан үлкен үміт күттірер жасқа өнерде де, өмірде де ақ жол тіледік.

Мақпал МАРҚАБАЙ

28 қаңтар 2021 ж. 569 0