Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Алла Нұры – Жарық Шамың

Алла Нұры – Жарық Шамың


Өзіңдегі асыл жауһарың – адами арың. Оны жоғалтқаның – адами қасиетіңнен айрылғаның. Алланың нұры – кеудеңдегі жарық шамың. Кеуде шамың өшсе, бейнең қараңғыланып қалмай ма? Қара түнектегі міскін пендені кім көре алушы еді?

Дүние-мүлкіңді, алтын-күмісіңді жоғалтсаң да, кеудеңдегі асыл жауһарыңнан айрылма. Сенің кеуде сарайындағы сол жауһарға кім қызықпайды? Қызғанатындар да табылар...
Алла нұрын ұрлатқан адам шайтанның жетегінде кетеді. Ал шайтани болмыс жарықтан қаймығады. Нұрдан қашады. Түн-түнек – оның жайлы да сайлы мекені. Кеудеңдегі нұрлы шамыңмен өзгелердің жанына жарық түсір, жылу бер, шапағат сыйла.
Аспандағы Ай да, жұлдыздар әлемі де сен сияқты Алла тарапынан жаратылған. Сенің бойыңда, бейнеңде олардың бәрінің нұсқасы, ажары, көркі бар. Сен де олардың жердегі бір нұсқасысың. Жаратушы құдіретінің де бір нұсқасы сенің кеудеңде. Ол кейде көрінеді, кейде көрінбейді, кейде ішің де, кейде тысыңда. Ішіндегі (кеудеңдегі) осы асыл жауһарды саф, таза күйінде нұрландыра алсаң ғана толық кемел иесі дәрежесіне көтерілесің. Сенің Алла алдындағы да, адамзат алдындағы да ұлы міндет, парызың – осы.
Фаридиддин Аттар.
13 сәуір 2018 ж. 1 515 0