№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бабалар жолы бізге үлгі

Бабалар жолы бізге үлгі

Зекен Әшімов 1892 жылы өмірге келген. Соғыс оты тұтанған шақта алғашқы фронтпен қазақ жерінен аттанып, соғыс біткенше көптеген елдерді азат етуге күшін салады. Білікті де білімді жігіт майдан даласында ерлігін байқатып, намысты ұл екенін танытады.
Мәскеудің Ұлы Отан Соғысының солдаттарына арнаған әлеуметтік сайтында оның соғыс кезіндегі карталық сызбасы анық көрсетілген. Онда ең бірінші Беларусь елін азат етуге ұрыстарға қатысқаны жазылған. №3 фронтта №168 атқыштар бригадасының командирі болып, тиянақты іс жүргізгені үшін «Ерлік көрсеткені үшін» медалі табысталыпты.


Одан соң Зекен Әшімов бастаған мергендер командасы Витебск қаласын азат етуге қатысып, фашистерді қуып шықты. Бұл ұрыс 1944 жылдың 18-23 маусым айында өтеді. Осы сәтте жараланған сарбаздар көп болады. Бұған қарамастан немістерге қарсы мықты тойтарыс берілді. Бұл ұрыс кітабында №5 соғыс соққысы деген атаумен тарихта қалды. Оршанск , Минск қаласында ұрысқа қатысқан жауынгерлерге «Ерлік көрсеткені үшін» медалі табысталды.
Ұлы Отан соғысында немістерден елді азат ету кезінде, елге аман оралған қазақтар өте сирек болды. Зекен Ашимовтің командасы Литва шекарасындағы Вильнюсск қаласын неміс басқыншыларынан азат етуге ат салысты. 1944 жылдың қазан-қыркүйек айларында Польша , Латвия мен Эстония жерлерінде бірнеше рет ұрыс жоспарын түзіп, үздіксіз жеңіске жетіп отырды. Құрамында 28 жауынгері бар командаға жиі шабуылдар да болған. Кейде барлаушылар тұтқынға түсіп қалса, бірде азық-түлік жолды торыды. Аштық пен ыстықта әлсіздік танытуға жол бермеді.
1944 жылдың 28 шілдесі мен 28 тамызы аралығында 3-ші Белорусь майданы әскерлерінің 1-ші Прибалтика және 2-ші Белорус майдандарының бөлімдерімен өзара әрекеттестікте шабуылдау операциясы деп те аталады. Адамзат тарихындағы ең ірі операциялардың бірі- Беларусьты азат ету десек, сол елдің ірі шайқасы Каунас операциясына Зекен Ашимовтің командирлік жасағының қатысуы қазақ елі үшін үлкен абырой екенін айтқым келеді.
Каунас Шығыс Пруссияға ең қысқа жолды жауып тұрған жаудың қуатты бекіністі ауданы болды. Сонымен қатар, ол бүкіл Балтық жағалауымен байланыстыратын және неміс қолбасшылығына кез-келген бағытта резервтерді басқаруға мүмкіндік беретін тас жолдар, темір жолдар мен жер асты жолдарының үлкен торабы болды. Қалада ұзақ мерзімді қорғанысқа дайындалған тоғыз бекінісі бар ескі бекініс болды. Каунастың жоғалуы солтүстік армия тобының бұрын-соңды болмаған жағдайын нашарлатты.
Каунасск қаласында үлкен жорықта жеңіске жетіп, Германия шекарасына өтеді, 1944 жылдың 5-22 қазан аралығында Кеңес әскерлерінің қолбасшылығы Шяуляй қаласының батысы мен оңтүстік –батысындағы қорғанысты бұзып, Паланга – Мемель – Неман өзенінің сағасында жағалауға шығуды жоспарлады. Негізгі соққы Мемель бағытында , көмекші Кельме-тилзит бағытында болды. Кеңес қолбасшылығы шешімі Рига бағытындағы шабуылдардың қайта басталуын күткен жау үшін күтпеген жағдай болды.
Атамыздың соғыс естеліктері туралы жазбасында , Гумбиннен (қазіргі Гусев) Қызыл Армия да екі рет шабуыл жасауға мәжбүр болғанын айтады. «1944 жылдың қазан айында қаланы басып алудың алғашқы әрекеттері сәтсіз болды, дегенмен 11-ші гвардия армиясының қатарында 2-ші Тацин танк корпусы сияқты танымал құрам болды. Гвардияшылар Гумбинненге жақындауға қол жеткізді, бірақ бұл жерде серпілістің тез дамуына арналған байланыс көшедегі шайқастарға ұласты. Содан кейін немістер майданның басқа бөлігінен екі танк дивизиясын алып тастап, күшті арматураны көтерді (бұл 200-ден астам әскери машина) . «Қазандыққа» ұнамау үшін мен кетуге мәжбүр болдым. Ал 23 қзанда Кеңес қолбасшылығы қаланы басып алу әрекеттерін тоқтатты.
Елге есен-сау оралып, отбасында екі ұл, бір қыз өсірді. Бүгінде тұңғышы Ұзақбайдан 7 немере, Икрамханнан 5 немере, Сәлимадан 4 жиен, жалпы 36 шөбере тарайды. «Жеңіске 50 жыл», «Майдандағы ерлігі үшін», «Кенигсбергті азат еткені үшін», және «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері.
Атамыз елге оралған соң бейбіт еңбекке араласып, ауыл­шаруашылығы саласында еңбек етті. Имандылықты пір тұтқан бабалар жолымен ұстаздық етіп, жастарға діни тәрбие берді. Ол кісінің кіндігінен тараған ұрпақтары күні бүгінге дейін адал ұстанымынан ажырамаған ақиқатты шамшырақ еткен жандар.
“Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз өлмейді” деп хақ тағаланың маңдайына жазғанға мойынсұнған атамыз соңғы күнге дейін туралығынан танбаған, тағдырын таяныш еткен жан еді. Бабалар жолы – бізге үлгі.

Шайхасан ЗЕКЕНОВ
03 маусым 2021 ж. 572 0