№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Майдангерім, болмысыңды құрмет еттім!

Майдангерім, болмысыңды құрмет еттім!


Ұлы Отан соғысының отты жылдарының қиындықтарын бастан кешірген қарт майдангерлер санаулы қалды. Оларға құрмет көрсетіп, ардақтау азаматтық міндеттіміз. Осыны мұрат тұтқан облыстық мәслихат депутаты, белгілі меценат Жанкелді Ойшыұлы соғыс ардагерлеріне арнайы сәлем беріп, сый-сыяпатын жасады.

Алдымен, Сунақ ата ауылында тұратын Шаймерден Сүйіндіковтың шаңырағына тоқтады. Мамыр айының бесі күні 94 жасқа толған майдангер жеті жыл ұрыс даласында болып, екі бірдей соғыстың куәсі болған. Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен ардагердің үйіне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев пен ауыл әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаев жол бастады.

–Ассалаумағалейкум, ақсақал. Жағ­­дайыңыз қалай?
– Жақсы, шүкірмін. Қарағым, оң жағыма жайғас, сол құлағым естімеиді.
– Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құт­тықтап, ақ батаңызды алып кетуге келдім.
– Рахмет, айналайын, рахмет, – деп көңілі бір көтеріліп қалған қария әңгімесін әріден бастады.
– 1941 жылы Қызылордадағы военкомат шақыртып, ақпанда әскерге аттандым. Отан алдындағы борышымды өтеп жүріп, 1943 жылы соғысқа алынып, содан жеті жыл оқ пен оттың ортасында жүріппін. Бір жылға жуық Ленинград қаласында неміс әскерлерімен шайқастық. Қаланы қоршап алған жау 12 рет шабуыл жасады, мен 76 мм зеңбіректің дәлдеушісі едім. Не керек, қаланы жаудан азат етіп, фашисттер артынан қуалай отырып, Германиядан бір-ақ шығыппыз. Шүкір бүгін де ұл-қыз, немере-шөбере, өздерің секілді іздеп келуші балаларым барда біз ешқашан ұмыт болмаймыз.
Өткені есіне түсіп жабырқап отырған батырға Әбсұлтан Байгенжеев ән орындап, көңілін көтеріп тастады. Майдангер де қосыла ән шырқап, келген қонақтарға құрметін көрсетті.
Келесі бағыт Ақүйік ауылдық округінде тұратын Найманбай Құрбановтың үйі болатын. Елдегі жаңалықтарды естіп, үнемі ақыл-кеңесін айтып отыратын майдангер қонақтарды өзі күтіп алып төрін ұсынды.
– Қош келдіңдер қарақтарым. Қайдан келе жатырсыңдар?
– Қызылордадан келе жатырмыз. Ақса­қал мен Жолдыбайдың Ысқағының немересі Жанкелді деген балаңыз боламын.
– Түсіндім, біз білетін Ысқақ ел үшін көп еңбек етті. Саған да соның жолын берсін, – деген Найманбай қария ақ батасын беріп, соғыс жылдардағы басынан кешірген қиындықтарды шолып өтті. 97 жасқа қадам басқан майдангер 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград майданында Венгрияны азат етуге қатысқан. Майдан даласында екі мәрте ауыр жараланған. Отты жылдардағы еңбегі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз» ордені, «Отечественной войны I-степени», «За Отвагу», «За победу над Германией» және мерекелік медальдарымен награтталған. Соғыстан 1947 жылы оралып, туған аулында 30 жылдай мал баққан.
Ал, Талап ауылында тұратын Нұрман Асанов та әлі де тың. Қалжың шыны аралас әңгіме айтатын абыз ақсақал қонақтар келісімен орнынан тұры сәлем берді.
– Е, жарқындарым, от пен оқтың ортасында, қаншама ана ұлынан айырылды, бауырдан, арқа сүйер ағадан, ізін жалғайтын баласынан көз жазып қалды. Алайда, олардың барлығы келер ұрпақ үшін жанын қиды. Міне, шүкір қазір бейбіт заман орнады. Жаратқан осы күнімізден айырмасын. Ең бастысы, қазақ елінің бірлігі артып, ынтымағы жарассын, – деп жылы лебізін де білдірді.
Әбсұлтан Байгенжеевтің әніне бір серпіліп, билеп те алды. Майданға 1942 жылы алынып, Гомель, Люблии қаласында Варшаваны азат етуге қатысады. Ерлігі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз», «За отвагу», «За освобождение Варшавы» жауынгерлік орден-медальдарымен марапатталған. Елге 1949 жылы оралып, Талап кеңшарында шаруашылықта еңбек етеді.
Ауданда көзі тірі төрт ардагерге сәлем беріп, сый-сыяпатын көрсеткен Жанкелді Ысқақов та батырларға алғысын білдіріп, иықтарына шапан жапты.
– Бүгінгі біздің асыл қазына, баға жетпес байлықтарымыз осы кісілер. Біз оларды көзі тірісінде қадірлеп, ұлықтауымыз міндет. Олар тірі тарих, сондықтан оларға жыл сайын күн сайын тағзым етсек те көптік етпейді, – деді депутат.

Әли ТЕМІРБЕК.
09 мамыр 2019 ж. 985 0

Ұқсас жаңалықтар: