№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 19 жасында от кешкен қазақ қызы

19 жасында от кешкен қазақ қызы

       
        
Өткен ғасырдың 1941-1945 жылғы бүкіл адамзаттың мәңгі есінде қалатын, баланы әкесіз жетім, ананы перзентсіз аңыратқан, келіншекті жесір қалдырып зарлатқан, сұм соғыс өрті Жаңақорған елінде шарпып өткен. Бейбіт жатқан елімізге тұтқиылдан соғыс ашқан, неміс-фашистеріне елін қорғау үшін, ел азаматтары мен бірге жалын жүрек қыздарымызда майданға аттанған.
Солардың бірі Разия Ысқақова. Ол 1922 жылы ауданымыздағы Жайылма ауылында дүниеге келген. Арнаулы орта мектепті бітірген соң, қарапайым қазақтың қызы, оқуға деген талпынысы мен өз таңдауы бойынша 1938 жылы Шымкент қаласындағы Медициналық училищеге оқуға түсіп, 1941 жылы үздік бітіріп, фельдшер мамандығын алып шығады. Жас маман еңбекке енді араласа бастағанда, 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Отанға деген сүйіспеншілік рух пен тәрбиеленген жігерлі жас қыз соғыс комиссариятына өз еркімен барып сұранып, 1941 жылдың қазан айында әскери-фельдшер болып, соғыс майданына қатыса бастайды.
Сол кезде Разия 19 жаста еді. Ол атақты Сталинград қанды қырғын шайқасында фельдмаршыл Паулестің армиясының толықтай талқандалуына қатысады. Кейіннен Харьковті, Киевті, Варшава қалаларын азат етуге қатыса жүріп, жараланған Совет солдаттарын жауып тұрған, қорғасын жау оқтарының арасынан алып шығып, адам сенгісіз ерліктер жасайды.
Разия Ысқақова Украина майданында генерал-полковник П.Рыбалко қол басшылық еткен атақты танк армиясының қарамағындағы №55 танк бригадасында фельдшер бола жүріп көптеген ерлік істер жасайды. Соғыстың соңғы кезеңдерінде құзғындар ұясы Берлинді алу шайқасына қатысады. Сталинградтан басталған соғыс жолымен Берлинге дейін барған Разия Бранденбург қақпасында сәті түсіп өмірлік жолдасы Қали Әлияр ұлымен кездеседі. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерен еңбектері үшін Дүниежүзілік Халықаралық Қызыл Крест комитетінің жоғарғы наградасы «Флоренс Найтингель» медалымен Совет Одағы бойынша 26 медбике ал Қазақстан бойынша 3 фельдшер марапатталса соның бірі Разия Ысқақова еді.
Совет Одағы Разияның жасаған ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалымен, тағыда басқа бірнеше медалдармен марапатталды. Елге жеңіспен оралған Разия Ысқаққызы зейнеткерлікке шыққанға дейін, Шымкент қаласындағы №2 емханада медбике қызметін атқарды. Қазіргі кезде Разияның суреттері мен өмір жолдары жайлы құжаттар Лондон мен Москвада, Көкшетау мен Шымкент мұражайларында тұр. Ұлы Отан соғысының ардагері Разия Ысқаққызының ерліктеріне тиісті бағасын беру, аудан әкімдігі мен аудандық әскери комиссарияттың құзырында.
Тасболат Төребайұлы, зейнеткер, еңбек ардагері. 
22 шілде 2019 ж. 1 068 0