БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК
Ұлы Отан соғысының ардагері Найманбай Құрбанов биыл 95-көктемін қарсы алды. Ол сұм соғысқа 1942 жылы аттанып, Сталинград майданында Венгрияны азат етуге қатысқан. Майдан даласында екі мәрте ауыр жараланған. Отты жылдардағы еңбегі ескеріліп, «Қызыл жұлдыз» ордені, «Отечественной войны I-степени», «За Отвагу», «За победу над Германией» және мерекелік медальдарымен награтталған.
Соғыстан 1947 жылы оралып, аудандағы мал шаруашылығының қарқынды дамуына қосқан үлесі қомақты. Жауынгер атамыз ауданның бүгінгі аграрлы салада атқарылып жатқан ауқымды істерінен хабардар. «Өзім соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңде саналы ғұмырымды мал шаруашылығына арнадым. Ертелі-кеш тынбай мал басы санының артуына еңбектендік. Бұл бағытта ауданның қазіргі бет алысы көңіл қуантарлық. Өткен жылы мал шаруашылығы саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Жаңақорған ауданы облыстың озат ауданы атанды», – деді Найманбай Құрбанов. Иә, елдің тыныштығы мен ауызбіршілігін тілеген майдангер ақсақалға бізде Тәңірден күш-қуатының қайратты болуын тіледік.