Нұртөренің талабы таудай
Әр адамның бойында ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Өнер таңдап қонатын бақ. Осындай бақ қонған талантымен танылып жүрген жастың бірі – Нұртөре Шамшудин.
Ол Әлшекей атындағы өнер мектебіне 9 жасынан бастап барады. Өзіндік дауыс тембрін байқаған Шәрбану Жиенбаева ән сыныбына бірден қабылдаған. Қазірде талғампаз ұстаз елімізде болып жатқан қиындықтарға қарамай, шәкірттерінің өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған түрлі байқауларға қатыстырып келеді. Осыған дейін жас өрен «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауының «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша лауреат атанса, ІІІ республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында ІІ-орын алып жетістікке жетіп, халықаралық бокал байқауынан ІІ-дәрежелі диплом алып қуантты. Шәкірті жайлы ұстазы Шәрбану Жиенбаева:
– «Өнерлінің өзегі талмас» дегенді өмірлік ұстаным еткен жас шәкірттерімнің өнері қашанда сахна төрінде шыңдалады. Жеті нотаның құдіреттілігінен қуат алатын өнерпаздар шоғыры аудан көлемінде жетерлік. Кәдуілгі музыка саласының нағыз майталманына айналу үшін кез келген жас өрен өзі сүйген саланың негізгі элементтерін игеруге талпынысын шындап отыруы керек. Алғаш өнер мектебі табалдырығын аттаған Нұртөре даусының жоғарылығымен көзге түсті. Хормен жұмыс жасағанда да өз дауысын ұстай алады. Өзіндік тембрі бар. Шәкіртімнің болашағынан зор үміт күтемін. Баланы өнерге баулуда ата-ананың да қолдауы зор маңызға ие екенін айтқым келеді, – деп лебізін білдірді.
Иә, «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әрбір баланың бойындағы талантын ұштап, өнерге деген өресін ашуда, ұлттың мәдениетіне жанашыр жастарды тәрбиелеуде ұстаздың орны ерек. Бұл жайлы Нұртөренің анасы Роза Сейткамалова:
– Нұртөрем басқа балаларым секілді емес, өнерге өте жақын. Балабақшадан ән айтып, түрлі мәдени шараларға қатысатын. Өнерді таңдағанына әкесі де қарсы емес. Қайта қолдау білдіріп отырады. Кейде сабағынан тыс уақыттарда әуелетіп ән салғанда құлақ құрышымыз қанып, тірлігімізге дем береді. Нұртөренің әлі де жетістіктерге жетеріне сенеміз, – деді.
Ұлт батыры Бауыржан Момышұлы: «Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы» деп айтқанындай, өнерге қанат қағып, осы жолға болашағын байланыстырған кез-келген өреннің арман тілегі де осы биіктен астасып жатары анық. Димаш ағасындай әнші болсам деп жүрген Нұртөренің әрбір қадамына сәттілік тілеп, өнерің өрге жүзсін демекпіз.
Әйгерім
МЫРЗАХМЕТОВА