№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Талантты жас – ел мақтаны

Талантты жас – ел мақтаны

Жасөспірімнің таланты балабақша қабырғасында байқалып жатады. Осындай өтпелі кезеңде талапты жастың ата-анасы мен ұстаздары қабілет-қарымын шыңдап, баптай білсе, талай биік белестерді бағындыратыны анық. Өнерге деген сүйіспеншілігі ерекше Әзизбек Тасболатовты таланты ашылған бақытты өнерпаз қатарына жатқызуға болады.
Облыстық, республикалық тіпті халықаралық деңгейдегі өнер додаларында топ жарып жүрген кейіпкеріміздің өнер жолында танылуында ұстаздарының еңбегі зор.
– Ең алғаш өнер мектебінің табалдырығын аттаған кезден-ақ көзінде оты бар баланы сахнаға бейімдеу қиын болмады. Ол әртүрлі деңгейдегі байқауларға дайындалып, жүлделі орын алуы үшін барын салады. Бастысы – мақсаты асқақ, талабы биік. Арманы – мәшһүр өнерпаз атану, – дейді ұстазы Шәрбәну Жиенбаева.
Төрт жасынан бастап ән айтқан бүлдіршін ең алғаш шырқаған әні «Қазақ жастары» туындысы. Қазір әр алуан тақырыптағы әндерді орындаумен қатар, өнердегі ағасы Аманжол Сламовпен дуэт болып көпшілік көңілінен орын алуда. №110 мектеп-лицейдің 7 сыныбында оқитын оның сабақ үлгерімі де жақсы. Вокал сабағымен қоса домбыраның құлағында ойнауды мұрат етіп, бос уақыт шағырмашылығын шыңдауға жұмсауда.
– Өзіме эстрада өнері жүрегіме жақын. Мақсатым – музыкалық білімімді шыңдап, қазақ эстрадасында өзіндік әуенімді, стилмді қалдыру. Қазақ орындаушыларының ішінде Төреғали Төреәлінің ән айту мәнері қызықтырады, – дейді жас өнерпаз.
Талабы таудай кейіпкерімізге ән айту нағашысынан дарыған. Балабақша табалдырығынан бастап ән өнеріне баулыған әжесі Рысалдының бүгінде үміті ақталды. Немересінің жеткен жетістіктерімен мақтанып отырады. Мәселен, «Ұлы дала – қорғаны» атты аудандық байқауда топ жарса, ІІ Халықаралық «Жас толқын» өнер сайысында І орын алған, ІІІ Республикалық «Дарабоз» байқауы мен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен республикалық өнер және білім сайысында бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қысқасы, Әзизбектің өнердегі жетістігімен ағайын-туысы ғана емес, жерлестері де мақтанып отырады. Бұл – жас өнерпаздың мұрат еткен танымалдыққа бастайтын жол. Ал біздер тек тілекшіміз.
Лаура БИБАСАРОВА
25 мамыр 2020 ж. 907 0