№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жұлдызды қолтаңба" фестивалінде жұлдызы жанды

"Жұлдызды қолтаңба" фестивалінде жұлдызы жанды


Жаңақорғандық Жаннұр Ғалымжанқызы «Жұлдызды қолтаңба» фестивалінде эстрадалық вокал номинациясы бойынша республикалық байқаудан бас жүлде алды. Бұл жайында мәліметті біз Әлшекей өнер мектебінің ұстазы Құралай Әлиевадан білдік. Түркістан қаласында өткен байқаудан дараланып оқ бойы оза шығу оңайға соқпаған. Өйткені, отыздан аса өнерпаз қатысқан бұл байқауда тек мықтыға ғана орын бар.


– Байқауда Назима Исаханованың орындауындағы «Құтты ұям» әнін әуелеттім. Сахна төрінде көсіліп орындаған әнін қазылар алқасының көңілінен шыққан болу керек, әйтеуір Бас жүлде бұйырды. Өте қуаныштымын – дейді Жаннұр.
Осы ретте оза шапқан болашақ жұлдыз «Әлшекей» өнер мектебінің ұжымына және жетекшісі Құралай апайына алғысын жаудырды. Бұл алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін «Ғұмырдария» халықаралық байқауынан бірінші орын алған. Өнер мектебінің бесінші сыныбында оқитын Жаннұрдың мақсаты үлкен. Келешекте әнші болсам деген үлкен арманы бар.
Әрине әнші болу көп еңбекті, талапты қажет етеді. Ең бастысы, түрлі байқауларға қатысу арқылы өзіңді шыңдайсың. Дауыс ырғағын күту де басты шарттың бірі. Бұл жөнінде Жаннұрдың жетекшісі Құралай Әлиева өз ойын былай жеткізді.
– Әншілік өнер оңай жол емес. Ал бүлдіршін үшін ол тіптен қиынның қиыны. Осы саланы таңдап келген Жаннұр менің алдыма бірінші сыныпта оқып жүргенінде қабылданды. Көзінде оты бар, әрі өзіне сенімді. Қандай тапсырма берсең де сол мезетте орындап тастағанды жаны сүйеді. Қызығушылығы жоғары. Дауысы кез келген әнге келеді. Бірақ лирикалық әнге ерекше әуестігі барын соңғы уақытта байқап жүрмін. Түрлі байқаулардан да қалмайды. Аудан көлемінде өтетін іс-шаралардың ортасында жүретін осындай шәкіртіммен мен де мақтана аламын. Болашағынан зор үміт күттіретін шәкірттерімнің бірі, – дейді.
Түске дейін өнер мектебіне, түстен кейін міндетті сабағына, қабатында қосымша пәнге де барып үлгеретін қимылы ширақ қыздың анасының да пікірін сұраған едік.
– Жаннұрға әншілік өнер өзімнен дарығындай. Кішкентайынан ыңылдап ән айтып жүрген соң өнер мектебіне беруді ұйғардым. Ол арманым қызым мектеп табалдырығын аттағанда орындалды. Қазір жеткен жетістіктеріне үй ішімізбен қуанып отырамыз. Кеше Түркістан қаласында өткен байқауда Бас жүлде алды дегенді естігенде шын қуанғанымыздан көзімізге жас келді. Ұстазы Құралайға мың алғыс. Өнер әлемінде талай бүлдіршіндерді тәрбиелеп, қанат қақтыра берсін, – деп тілегін жеткізді.
Осылайша, Түркістан қаласынан бас жүлдемен оралған Жаннұр Ғалымжанқызы Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама алды. Құдай қаласа, 2020 жылы жаз айында өтетін бұл байқауда өз өнерін тағы бір паш етсе, біздер қуанамыз әрине. Ендеше, сәттілік серігің болсын Жаннұр қыз!

Лаура БИБАСАРОВА
19 желтоқсан 2019 ж. 793 0