Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Аға ұлағаты

Заманын өрге сүйреген тарихи тұлғалар жайлы замандастары, шәкірттері, інілері баспасөз бетінде «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей ой толғап, еске алып жататыны бар. Бұл – қайраткерлерді ұлықтау ғана емес, олардың болмыс-бітімін, қабілет-қарымын келесі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, насихаттаудың жолы деп түсінемін. Сондай жүк көтерген Мырзатай Жолдасбековтың «Ағаларым-ай» мақалалар топтамасын «Егемен Қазақстан» газетінен сүйсіне оқығаным бар. Мемлекет және қоғам қайраткері Еркінбек Әуелбеков пен Сейілбек Шаухаманов жайлы жазылған естеліктерін оқи отырып, алдынғы буын ағалардың өнегесін танып, інілердің ізетін көрдім. Аты республикалық деңгейде танылмаса да, ісімен, сөзімен, кескін-болмысымен көпке аға, ініге демеу болатындар болады. Әбіл Оңғарбаев ағамыз сондай адамның бірі еді.

Ол Қожамберді ауылында (бұрынғы Елтай Қандыарал колхозында) 1944 жылы дүниеге келді. Орта мектепті бітіріп, Қызылорда педагогикалық инсти­тутының физика-математика пәні бойынша білім алды. Жоғары мек­тепті бітіріп келгеннен кейін №52 Крас­ная-Звезда совхозының орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып орналасты. Білімді жас маман ортасында қабілеттілігімен көзге түсе бастайды. Аудандық оқу бөлімі білікті қадірді көп ұзатпай Төменарықтағы №223 орта мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі етіп бекітеді. Бұл жерде де білім саласының майталмандары Б.Жаманқұлов, А.Зерту­­меев, С.Дүйсе­баев сынды білік­­ті ұстаздармен қатар­ласа еңбек етеді. 1980 жылы №184 орта мектепке ди­рек­тор болып тағайындалады. Осы уақыттан бастап, Әбекеңмен ағалы-інілі болып бірге қызмет атқардық. Үлкен мектептерде басшылық қызметтерде істеп, тәжірибе жинақтаған ол оқу-тәрбие процесінде бірқатар жаңа бағыт-бағдар, жоспар жасап, мектептің абыройы көтерілуіне ықпал жасады.
1982 жылы мектеп басшыларының резерв кадрларын дайындайтын 2-ай­лық курсқа Алматыға мені жіберді. Одан кейін де мектептің сан-салалы жұмысына мені жіберуші еді. Осы күні еске алып отырсам, көзімен көріп, қолымен істесін, шыңдалсын, тәжірибе жинақтасын дегені екен ғой. Ол кезде мектеп оқушыларын күзгі егін жинауға жұмысқа қосатын. Сол жоғары класс оқушыларын егін жинау науқанына жетекшілік жасауға баратынмын. Сов­хоздардың сан-салалы күріш, жүгері т.б. егістерінің өнімін жинауға қатысамыз. Бұл жұмыстарда үлкен жауапкершілік талап етеді. Балалардың аман-саулығын совхоздар тарапынан берілетін тап­сырманы да ойдағыдай орындап, ауыл­ға оралатынбыз. Сол жұмыстардың басында ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттеріміз байқалды ма 1983 жылы Төменарық совхозының басшылары мені ферма бригадирі қызметіне шақырды. Алдымен Әбекеңе мән-жайды айтсам, бұдан хабардар екенін білдім. Ол кісі: «Жассың. Қабілеттісің. Сондықтан сан қырлы ауылшаруашылығы жұмысында бағыңды сынап көргенің дұрыс», деп жаңа жұмысқа баруға кеңес берді.
1983-1998 жылы ферма бригадирі, ферма меңгерушісі болдым. Ол совхоз ісінде жеткен жетістіктеріме әрқашан қуанып, арқамнан қағып, демеу беретін. 1994 жылы фермалар арасында төл алудан облыс чемпионы болып, озат ферма меңгерушісі болып, лента тағып тұрғанымда, «Жұман мамандығың мұғалім, бірақ ауыл шаруашылығы саласының озаты болып тұрсың» деп жас баладай қуанған еді.
Әбекең де қызметтік өсу үстінде болды. Төменарық совхозының жұ­мыс­шылар комитетінің төрағасы бол­­ды. Байкенжеде ауылдық кеңес жаңадан ашылатын болып, аудандық атқару комитетінің төрағасы С.Искен­диров келіп, жиналыс жасады. Біз жол білетін, сөз білетін ағаларға зәрулігімізді айтып, Ә.Оңғарбаевтың кандидатурасын ұсындық. Көп ұзамай Әбекең Байкенжеде жаңадан ашылған ауылдық кеңеске төраға болып келді. Бұл жұмыста да Әбекең абыройлы қызмет атқарды. Қандай мәселе болса да, дауыс көтермей, сабырмен шешуші еді. Ел болғаннан кейін тентегі болмай тұрмайды. Ісімен, сөзімен ондай аза­маттарға үлгі көрсетіп, елдік істерге жұмылдыра білетін. Артынан ерген інілеріне ерекше қамқорлық танытып, жөн сілтеп отырушы еді. Істің көзін тауып, табысқа жетудің жолын білетін. Бәрінен бұрын, адамдықты, адалдықты жоғары қоятын. Біз осы мінезін үлгі еттік.
Зымырап бара жатқан уақыт-ай! Тіршілікте не бітірдім кімнің қам­қорлығын көрдім деген сауалдарға жауап іздегенде, ойыма алдымен Әбіл Оңғарбаев ағамыз оралады. Мұн­дай ойды Әбіл ағамыздан тәрбие-ұлағат алған менің замандастарым да қуаттайды.
Көзден кетсе, көңілден кететіні рас па, ағамыздың есімі ескерусіз қалғандай. Жақсы ағалардың қамқорлығын көр­ген інілердің ағаларын еске алып, жаңғыртып, жастарға жеткізіп отыруы міндет деген оймен қалам тербедім. Асыл ағаларымызды ұмытпайық, аға­йын!


Жұман ӨТКЕЛБАЙ
04 сәуір 2020 ж. 528 0