№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сығанақтың сыры бар шертілмеген

Сығанақтың сыры бар шертілмеген

Рухни жаңғырудың бір саласы туған жердің тарихын біліп, оның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманаттау. Осы үрдіспен ел тарихына терең бойлап, сыры ашылмаған шаһарлар туралы тың деректерді көпшілікке ұсынуды құп көрдік. Сұлу Сырдың бойында ғажайыпқа толы, өркениетке бай көне қалалардың бірі Сығанақ қаласы туралы түрлі тарихи мәліметтер кездеседі. Осы қала туралы кең көлемді мақала жазу үшін тарихи орынға атбасын тіріп, құнды деректерді білдік. Сан ғасырларды қойнына сыйдырып, қазақ хандығы дәуірінің түпқазығына айналған, тұңғыш тарихи астананың ауасы да ерекше тынысымызды ашқан еді.
Көне түрік тілінен аударғанда қорған немесе қамал деген ұғымды білдіретін Сығанақ қаласы жәй көзге қарабайыр қала көрінгенімен, оның өзіне тән ерекше архитектурасы мен бай тарихы бар. Қала 1219 жылы моңғол шапқыншылығына ұшырйды. Жошының қалың  әскеріне төтеп бере алмай, бір апта ішінде моңғолдардың билігіне өтіп, ХІІІ ғасырдан бастап тіршілік қайта жанданып, сауда-саттық қарқындап дамиды.
Ұлық Ұлыс билеушілері Сығанақты астанаға айналдырып, күмістен ақша соғылады. Осы дәуірден бастап, оқымыстылар Сыр бойын ағылып, ел билеген асыл текті тұлғалар осы маңға жерленіп, үлкен мазар пайда болған. Эрзен ханның ұлы Мүбәрәк қожаның есімі мен хижра жыл санағы бойынша 768 жыл таңбаланған 5 тиын Петербургтағы Эрмитаж мұражайында сақталған. Осы жәдігер Сығанақтың астана болғанын, әрі үлкен сауда орталығына айналғанына дәлел. Эрзен осы өңірде 25 жыл билік етіп, халық саны қарқынды өсіп, көлемі ұлғая түскен. Мұны Мұхаммед Шайбани ханның жылнамашысы Фазлалах Исфарханидің «Михманнаме Бұқар» атты жазбасында «күн сайын қалада 500 түйенің еті қуырылып, кешке қарай бір түйір де қалмайды» деп жазған. Сондай-ақ қаланың сырты қалың тоғайда жабайы қой мен ешкі, аң-құс мол болған. Құстың еті өте арзан болғаны баяндалады. Осыдан-ақ, тіршілігі қайнаған шаһар болғанын бағамдай беріңіз.
Отырардан кейінгі екінші маңызға ие қала болғанын ғалымдар дәлелдеп, оның пішімі туралы қызықты мәлімдеме жасауда. Экспедиция жұмысының нәтижесінде қала тұрғындары екі бөлікке бөлініп, шаһиристан және оған үш жағынан жанасып жатқан рабаттан тұрған. Шахиристан бес бұрышқа ұқсайтын мықты қамал болған.Солтүстігі 275 метр, солтүстік-батысы 175 метр, оңтүстік-батысы 190 метр, оңтүстігі 175 метр, оңтүстік-шығысы 320 метр көлемде. Мұнара биіктігі 1,5 метр. Қала 6-7 метр шығыңқы 15 төбешікке айналған. Қасында Сунақ ата кесенесі бар.
«Қаланың шығыс жағындағы қаспасының алдынан 100 метр қашықтыққа күйдірілген кірпіштен (25х25х5см) жасалған ХІІІ ғасырдың аяғында сағана салынып, оның жанына табынантын ғимарат кейінен ХІV ғасырдың аяғымен ХV ғасырдың басында мешітке айналдырылған. Оған басты дәлел ғимараттың оңтүстік қабырғасын тесіп михрап жасалған. Оны айналдыра кіші бөлмелер соғылған. Осыған қарап мұнда мешіт медресе болғанын аңғаруға болады» деген қортындыға келген. «Сығанақ тарихи-мәдени қорық мұражайы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рысбек Асқарұлы:
– Қазақ мемлекетінің маңызды астанасы болған Сығанақты жер астына тастамай, ерекше зерттеп, келер ұрпаққа алып әрі алпауыт ел болғанымызды, сондай-ақ, мәдениет пен өркениеті мықты елдің ұрпағы екенімізді насихаттап, ашық аспан астында музей ұйымдастырып, туристтер тартып, тарихқа жанашырлық таныту керек. Ел болып, елдің өткеніне мән беріп, айтулы ақиқатты ақтару маңызды. Астананың бір көшесіне Сығанақ атауын беріп, орта ғасырдағы тарихты түбегейлі зерттеуге мемлекет басшысы тарапынан қолдау көруі тарихшыларға тың ізденіске жол ашты, – деді музейтанушы ғалым.
Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран секілді қалалар сол кездегі өркениеттен хабар беретін тарихи таптырмас жәдігер. Сол дәуірде гүлденген қалалардың архитектурасынан-ақ, Алтын Орданың айбарын сеземіз. Демек тарихшылар көне шаһарды зерттеуді әлі де жүйелей түсу қажет.

Мақпал МАРҚАБАЙ
30 тамыз 2020 ж. 747 0