№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ӨРКЕНИЕТ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ӨЗГЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ

ӨРКЕНИЕТ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ӨЗГЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ


ӨЗГЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ. 
ХІІ-ХҮІІ ғ.ғ.
Өзгент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырымда орналасқан.Сығанақ, Сауран қалаларымен қатар салынған. Археолог-ғалым, полковник Б.А. Каллаурдың айтуы бойынша: «Өзгент дегеніміз – ол, біріншіден, Сырға қосылатын өзен; Екіншіден, ішкі Өзгент және Қыр Өзгенті деген екі бекініс, соның екіншісі ХІІІ ғасырдағы Өзгент»,- дейді. Ішкі Өзгентті Сырдарияға жақын болғандықтан, Сыр Өзгенті, қыр Өзгентін қашықтау болғандықтан, Сыртқы Өзгент деп те атаған. Ішкі Өзгент моңғол шапқыншылығына дейін Қыпшақ мемлекетінің құрамында болып, Сығанақ билігіне қараған. Моңғолдар қиратып, тонаған соң бұл қала қаңырап бос қалған. Өзгент қаласы Қасым хандығы тұсында қазақ хандығына қараған. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда бұл шаһар жоңғар қалмақтары мен Ақсақ Темір және оның ұрпақтарының жорықтарында қирап, халқы қуғын-сүргінге ұшырап, тарих сахнасынан біржола кеткен. Қаланың 62 қақпасы болған. Қорған төртбұрышты етіп төбе үстіне салынған, ұзындығы 1,5 шақырымдай. Қала ішін аралаған қорған ішінен саз балшықтан жасалған түрлі-түсті ыдыс-сынықтары кездеседі. 
13 наурыз 2018 ж. 3 396 0