№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "СЫҒАНАҚТЫҢ" ҚҰМҒА СІҢГЕН ҚҰПИЯСЫ

"СЫҒАНАҚТЫҢ" ҚҰМҒА СІҢГЕН ҚҰПИЯСЫ



Сығанақ қаласы орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды мемлекеттердің астанасы болған. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана болып келді. желгі түрікше атауы «қамал, қорған» деген мағынаны береді. Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Егер осы кезбен есептесек, қаланың қазақ елінің астанасы болғанына 1000 жылдан асты деп айтуға болады. Қаланы 1867 жылы П.И. Лерх, 1906 – 07 жылдары И.А. Кастанье, 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. 
Ежелгі қаланың орыны жал-жал болып үйілген қара топырақ. Қорғанның солтүстік беті жермен-жексен болып шөгіп, тегіс жерге айналған. Бүгінде ол маңды жергілікті тұрғындар Сунақ Ата деп айтады.
Сығанақ қаласын тарихи деректерде сауда орталығы, керуен жолының маңызды қаласы, «Қыпшақ даласының гаваны» ретінде сипаттап жазады. Фазлаллах ибн Рузбиханның айтуынша, ХVІ ғасырдың басында қыпшақтардың астанасы болған Сығанақтың базарында базар күндері 500 түйе сойылып, кәуап жасалып, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кететін болған. Ал басқа ірі қара мен ұсақ малдың қаншасы сатылатынында тіпті есеп болмапты. Сондай-ақ, оның жазуына қарағанда Сығанақ адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы қала болыпты. Ибн Рузбихан: «Сығанақ қаласы аймақтың солтүстік жағындағы жер жәннатының шеті» деп сипаттаған. Сығанақ кезінде Дешті Қыпшақтың шекаралық сауда бекеті ретінде ғана емес, аумағының кеңдігімен, қауіпсіз әрі тыныш болуымен де даңқы шыққан.
12 наурыз 2018 ж. 2 302 0