№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СЫҒАНАҚ – РУХТЫ АСҚАҚТАДЫ

СЫҒАНАҚ – РУХТЫ АСҚАҚТАДЫ


«Жаңақорған тынысы» газетінің №14 нөміріне шыққан «Сығанақ – елдіктің нышаны» атты мақаланы оқып шығып, терең ойға баттым. Себебі, кезінде қаншама хан-сұлтандар Сығанақта отырып Ұлы Дала елінің дамуына үлес қосты. Теңге соғып, сауда-саттықты дамытып, қала мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Сығанақ қаласы тарихшылар мен жазушылар, археологтардың назарынан тыс қалмай, көлемді зерттеулер жүргізді. Бүгінде Сығанақ шаһарының орнында археологиялық жұмыстар жүргізіліп, ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға талпынуда. Әрине, мұның бәрі жастарды рухтандырады, тарихты тануға ынталандырады. Ал, өзінің тарихын біліп, одан сабақ алған халық ешқашан ұтылмайды.
И.Калашниковтың «Жестокий век», Ілияс Есенберлиннің «Көшпен­ділер», Дүкенбай Досжанның «Жібек жол», Сәйдін Жолдасбаевтың «Ежелгі Сығанақ» еңбегін оқып, Сығанақтың тарихи маңызына қаныққан едім.
«Х ғасырдағы атақты араб жағрафиятанушысы, ғалым Ал-Идриси Сырдария бойындағы (оғыздардың) қалаларының көптігін жазып, олардың ішінде «Сауран, Сүткент, Сығанақ ірі қалалар еді. Ал Сығанақ нағыз сауданың қайнаған ортасы» деп ерекше көрсеткен», – дейді қала тарихын зерттеген ғалым, профессор Сәйдін Жолдасбаев.
«Қыпшақ даласының гаваны» атан­ған Сығанақтың атақты болуы­нын бір себебі Қыпшақ хандығының (ХІ-ХІІ ғ.), Ақ Орданың (ХІІІ-ХІV ғғ.), Әбілхайыр хандығының (ХV ғ.), Қазақ хандығының (ХVІ ғ.) астанасы болуы және Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да маңызды рөл атқарды.
Бүгінде ортағасырлық қаланы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сығанаққа ҚР-ның бұрынғы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев келіп, шаһарда жүргізілген жұмыстармен танысқаны белгілі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев та Сығанақтың маңызын қаперінен түсірмей, зерттеу жұмыстарын қолдап жүргенінен хабардармыз.
Осы ретте, ел ағасы Фахриддин Тұрғанбаевтың Жаңақорған ауданы­ның атын «Сығанақ» атауына ауыстыруға байланысты тың ойын қолдау керек секілді...

Совет МАХАТОВ,
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледж директорының орынбасары.
17 наурыз 2019 ж. 1 480 0