№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРИХТЫ ТАНУ ТАҒЫЛЫМЫ

ТАРИХТЫ ТАНУ ТАҒЫЛЫМЫ


Расында, тарихты танымай, өткеннен ғибрат алмай алға адымдай алмайсын. Әсіресе, жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, мемлекетшілдік қадір-қасиетті қалыптастыруда тарихи тағылымдардың берер тәрбиелік мәні зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру бағдарламасы да осыны меңзейді. Бұл тұрғыда алғанда, Сыр өңірінің артықшылығы көп. Өлкеде тарихи орындар мен ескерткіштер көптеп кездеседі. Тарихын тереңнен алатын сондай жердің бірі – Сығанақ шаһары.
Қыпшақ хандығы мен Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығы мен Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар шаһар Ұлы Жібек Жолы бойында маңызды рөл атқарды.
Академик Әлкей Марғұлан еңбектерінің бірінде орта ғасырдағы Сығанақ қаласының тіршілігін, мәдениетін, қала құрылысын Фазулулла Ибн Рузбихан, Шарафуддин Иазди есімді ғалымдар толыққанды жазып кеткен дейді. Ғалымдар Сығанақты дала іргесіне көркем етіп салынған шаһар деп сипаттайды. Өлкенің бай жері, тұрмысы ерекше көзге түскен. Әдемі шаһардың халқы да тығыз қоныстаныпты. Қала базарында әр күні 500-ге тарта түйеге жегілген тауарлар сатылған, деп келеді жазбада.
Дерек көздеріне қарағанда, Моңғол шапқыншылығы тұсында түгелімен қираған шаһар ХІV ғасырда қайта жөнге келтіріледі. Сығанақты ХV ғасырға дейін Ұлықбек басқарады. Сол кезеңдері Ақ Орда Темір әулетіне енген тұс болатын. Қала Әбілхайырдың (1428-1468) қолына 1446 жылы өтіп, ол шаһарды өмірден өткенше басқарған. ХVІ ғасыр басына дейін сырбойылық қалалар Шайбани әулетінің үстемдігінде болады.
Қазақ хандығы құрылған соң Сыр бойындағы қалаларды қайтару мақсатында қазақ хандары біршама күш сарп етті. Тұңғыш рет Қазақ хандығына енген Қаратау баурайындағы Созақ пен Сырдария бойындағы Сауран қаласы болатын. XV ғасыр соңында Шайбаниға бірқатар қалалар қараған. Қазақ хандығы қарамағында Сауран, Сығанақ, Созақ қалалары мен Түркістанның солтүстігі болатын.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы әлеуеті артып, Сыр бойындағы қалаларды қаратты. Оның билігі тұсында саяси-экономикалық маңызына қарай Сығанақ қаласы Қазақ хандығының тұңғыш астанасына айналды.
Осынау қасиетті жерді көзбен көріп, тарихтан тәлім алу мақсатында №53 А.Романов атындағы мектептің 10-сынып оқушылары саяхаттады. Оқушыларға мектеп ұстазы Серік Есмаханов, Расул Әділбеков, Арайлым Қожаметова және Нұрзада Есмаханова жол бастады.
Алдымен ислам әлемінің ғұламасы Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақиды тәу етіп, рухына Құран бағышталды. Тарих пәнінің ұстазы Р.Әділбеков тарихи тұлғаның өмірімен таныстырды.
Одан кейін Сығанақ қаласының орнына бардық. Шаһардың шығыс қақпасына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліпті. Бүгінде көне қала орнындағы археологиялық жұмыстарды Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізуде екен. Ал, қайта қалпына келтіру жұмыстары «Қазқайта жаңғырту» РМК мекемесіне жүктелген. Бұл жайында Серік Есмаханов түсіндірді.
Қақпа маңында аз аялдаған оқушылар қала аумағында жүргізілген архелогиялық жұмыстарды көруге асықты. Қақпадан10-15 метр жүргенде жолдың он жағында бөлмелер ашылыпты. Онда сол кездегі тұрмыстық құмыралар ашылыпты. Оқушылар аң-таң. Құнды жәдігерлерді ұялы телефондарына түсіріп, Сығанақтың маңызды қала болғаны жайлы оқығандарын ортаға сала бастады. Әсіресе, «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи кинодастанынан көрген эпизоттарды естеріне алып, көне шаһардың маңызын сөз етті. Оларды орта ғасырлық архитектураның ерекшелігі мен ғимараттарды соғу үшін жасалынған қыш кірпіштердің сапасы таңдай қақтырды.
Оқушылардың Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласынан алған әсерлерін ұзақ уақытқа дейін ұмытпайтыны анық. Себебі, мемлекеттіліктің нышаны болған қасиетті жерді көзбен көріп, көңілмен тоқып қайтты.
Мектеп ұстаздары Сығанаққа саяхатты мұнымен тоқтатпақ емес. Дәстүрге айналдырып, оқушылардың тарихтан тағылым алып, рухани кемелденуіне басымдық беретін боламыз.

Несібелі ҚАЛДАРОВА,
Төменарық-Сығанақ-Төменарық.
02 маусым 2018 ж. 1 907 1

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 22:50
Buy Relafen Generic Online Online Zentel Buy Cheap Furosemide levitra 10 mg bayer Viagra Prezzo Farmacia Fluconazole Buy Cheap Propecia For Sale Cheap