№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СЫҒАНАҚ – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ

СЫҒАНАҚ – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ


«Сыр – Алаштың анасы» деуінде өңірдің бай тарихына да қатысты айтылғандай. Расында, көне түркінің ордасы болған далада елдіктің нышаны болған шаһарлар көптеп саналады. Дерек көздерінде, Сауран мен Сығанақтың арасында отызға тарта қоныс болыпты. Тіпті, ортағасырлық қала Алмалықтан Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жентке дейін жүздеген қалалар болғаны айтылады. Осы шаһарлардың ішінде Сығанақтың орны ерекше. Неге десеңіз, Сығанақ – Қыпшақ одақтастығы, Ақ Орда, Қазақ хандығының саяси орталығы, Ұлы Жібек Жолы бойындағы маңызды қала болды.

Шаһар жайлы жазған оқымыстылар мен саяхаттанушылар сауда мәдениеті дамыған орталықтың саяси маңызы жайлы да тоқталады. Мұны Махмұт Қашқари «Диуан луғат әт-турк» атты еңбегінен кезіктіруге болады. В.Бартольд, А.Якубовскийлер Сығанақ қаласын жан-жақты зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шамшәдин Керім «Сығанақ саңлағы» атты монографиялық еңбек шығарды. Сығанақта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбайұлы шаһарға қатысты тың деректерді ғылыми айналымға енгізді...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде Сығанақ қаласының орнында археологиялық зерттеулер қолға алынып, ашық аспан астында музей ұйымдастыруға көптеген жағдайлар жасауда. Түрік өркениетінің дамуына үлес қосқан мыңжылдықтар шежіресін жасырған Сығанақ қаласы тарихи маңызын жастарға егжей-тегжей түсіндіріп, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға болады.
Президент мұндай тарихи-рухани байлықты ұтымды пайдалануды «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында жақсы келтірді. Тарихи-танымдық еңбекте: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес», деп бүкіл түркі дүниесінің түп-қазығы болған Ұлы Дала елін мақтанышпен ерекше атады. Бұл дегеніміз, еліміздің ежелгі қалалары мен тарихи ошақтарына құрметпен қараудың дара жолы емес пе?
Белгілі қаламгер Филипп Легкоступ «Казахстанская правда» газетінің 2003 жылдың 28 шілдесінде шыққан «Край трех счтолиц» («Үш астана аймағы») атты мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына келген сапарында «Қыпшақ даласының гаваны» атанған Сығанақ Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орданың, Қазақ хандығының астанасы болғанын, Женд – Оғыз мемлекетінің, Қызылорда – Қазақстанның бірінші астанасы болғандығын ерекше атағанын жазады.
Ендеше, ескімізді есте сақтап, рухымызды жаңғырту мақсатында Жаңақорған ауданын «Сығанақ ауданы» деп өзгертсек қайтеді?!
Осындайда белгілі ғалым, мемлекет қайраткері Абылай Айдосовтың Сығанақ секілді тарихи атауды жаңғыртудың маңызы зор. Егер Жаңақорған ауданының атына берілсе, оны халық та, Үкімет те қолдайтыны сөзсіз дегені ойыма түседі.
Расында, Жаңақорған ауданы «Сығанақ ауданы» деп өзгертілсе оны жастар да, орта буын да, ел ағалары да қолдайды деген ойдамын. Яғни, Түркістан облысына қарасты «Отырар ауданы» сияқты елдің мерейін көтеріп, тарихымызды құрметтеудің ең жақсы жолы болар еді...

Фахриддин ТҰРҒАНБАЕВ,
Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы».



20 ақпан 2019 ж. 1 645 0