Оқырман ойы жігерлендіреді
Атам Айдархан Бибасарұлы журналистика саласына еңбегі сіңген қаламгер. Оның жолын таңдауға жақындарым қарсылық білдірді. Дегенмен жегені – жантақ, арқалағаны – алтын журналистік жолды таңдағаныма еш өкінбеймін, қайта мәртебе көремін. Атамның дәстүрлі жолын лайықты жалғастыру үшін күш саламын.
Атам Айдархан жастайымнан, тәлімін сіңіріп, кітап оқуға баулыды. Яғни ес білгелі том-том кітаптың ортасында өстім. «Абай жолы» кітабын араға жыл салып, үш рет оқытқаны бар. Неге оқыта береді деп осы күні ойласам, қазақтың болмыс-бітімі суреттелген кітапты адам әр жасыңда әртүрлі мағынада түсінеді екенсің. Енді қарап отырсам, атам журналистика саласына құр арманмен емес, практикалық біліммен келуіме жағдай жасаған екен-ау...
Енді «Жаңақорған тынысы» газетіне қалай келдім? Соған тоқталсам...
Бірде ауданның төл газетінен Әбдісамат Әбдіштің «Әлем елдеріне саяхат» айдарымен шыққан мақаласын оқыдым. Әлем елдері өзіме жақын тақырып болғандықтан қызығушылықпен оқып шықтым. Оқу барысында сол мемлекеттің экономикасына, негізгі кәсібіне, әлемде қай сала бойынша озық екенін білдім. Автор көзбен көріп, қолмен ұстағандай сипаттайды. Осы мақала маған әсер қалдырды...
Сол сәтте бала кезгі журналистикаға деген қызығушылығым қайта оянып, «Әбдісамат барған жерге мен де барамын» деп шешім қабылдадым. Содан жаңалықтың жаршысына айналған «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясын бетке алдым.
Атамның сара жолының ізі қалған киелі шаңырақтың табалдырығын аттауда сәл қобалжығаным рас. Алайда жүздері жарқын, беделі асқақ, сөздері өтімді, ойлары ұтымды, пікірлері пайымды жандарды көргенде бойымда сенімділік рухы асқақтады. Өз-өзіме «егер жұмысқа қабылдаса аянбай еңбек етемін» деп іштей серт беріп қоямын.
Бас редактор Нұрлат Байгенженің кабинетіне ендім. Амандық-саулықтан кейін журналистика саласында шыңдалсам деген ойымды жеткіздім.
Халық аузында айтылып жүрген жас редакторды бірінші рет көруім.
– Айналайын, арман деген орындалмайтын дүние емес. Шын ниет, талап болса, біз қолдаймыз. Егер ізденемін, еңбектенімін десеңіз қолдауға, үйретуге дайынбыз, – деп жігерлендірді ол.
Рұқсат болса келесі күннен бастап тағылымдамадан өтуге дайын екенімді айттым.
Содан бастап Баян Үсейінова, Әбдісамат Әбдіш, Әлібек Жарықбаев, сында білікті журналистерден тәжірибе алмасып, ізденуге, еңбектенуге, журналист ретінде танылуға мүмкіндік алдым. «Жұмысқа қабылдаса аянбай еңбек етемін» деген сертіме адалдық танытуға күш салып келемін.
Алғашқы жазған туындым «Көп тіл білген көштен қалмайды» тақырыбында болды. Сәйкестік пе білмедім, басты кейіпкерім өзімнің ұстазым әрі сынып жетекшім Гүлмира Қадырова еді. Бір нөмірге екі мақала жазу жоспарланған болатын. Екінші мақалам – «Бала тәрбиесі – ортақ міндет!» тақырыбында жарыққа шықты. Міне, осылайша жалғасып кете береді. Газет бетінде жарық көріп, қалың оқырманға жол тартқанда, оқырман алғысын алу ерекше сезімге бөлейді екен.
Тағы бірде «Рухани жаңғыру» тақырыбында «Атыңнан айналайын, қазақ қызы» деген тақырыпта мақалам шықты. Оқырмандар арасында Шиелі ауданының ардагер ұстазы Дүйсенкүл Әмірханқызының жылы лебізі келді. Белсенді оқырманның хаты шабытыма шабыт қосып, рухымды асқақтатты. Әрі осындай хаттар тілшілердің ең үлкен жетістігі екенін түсіне түстім.
Иә, қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистік мамандықты жүрегіммен қаладым. Осы мамандығымның хас шебері атанғым келетінін де жасырмаймын. Осы шыңға жету жолында тәжірибе жинақтап келемін.
Лаура БИБАСАРОВА