№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кім алда?


ХХІ ғасырда интернет ресурста ақпараттық платформалар қалыптасып, әлеуметтік желінің әлеуеті артты, сайттардың дәурені жүріп тұр. Дегенмен дәстүрлі медианың шоқтығы биік екенін Төтенше жағдай режимі кезінде білдік. Екі айға созылған төтенше жағдай кезінде халықтың басылымдарға деген шынайы ықыласын көрдік. Газетті асыға күткен оқырмандар байланысқа шығып, сүйікті басылымы қашан келетінін сұрап жатты. Бір немесе он оқырман емес, жүздеген оқырман хабарласып, ауданның төл басылымын асыға күтіп отырғанын айтып, мерейімізді асырды. Әрине белсенді оқырмандардың ықылас-ниетінен шабыттанып, карантиндік режим жеңілдетілгеннен кейін газет өндірісіне жігерлі кірістік. Біз оқырманның талап-мүддесі, сұранысына сай газет шығаруды жалғастырып, жұртпен бірге болуды қолдаймыз.


Бірақ дәл қазір ауданның төл басылымы – «Жаңақорған тынысы» газеті оқырман қауымның шынайы қолдауын, демеуін күтіп отыр. Ра­сында карантиндік режим қоғамдық қатынастарды, адами көзқарастарды өзгертіп, өмір сүру құндылығын тың арнаға, жаңа бағытқа бұрғалы тұр. Алайда газеттен ажырау, жарықсыз қалған күймен теңеуге болады.
Осындайда қарымды қаламгер Шерхан Мұртаза айтқандай, «жегені жантақ, арқалағаны алтын» жур­налистер жылт еткен жаңалықты оқырманына жеткізуге асығып, ақ пен қараның ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажыратып, шынайы ақпаратты саралап беру жолында аттан түскен емес. Газет тасымалдау қызметі де жүйеленіп, алғыс арқалаған қыз­меткерлер оқырманға басылымды жеткізуге асығады. Мұның бәрін біздің оқыр­мандары бағалай біледі, әрі жақсы түсінеді. Сондықтан газеттің таралым ауқымы кеңейіп, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрын-сонды бол­маған 7000 данадан асты. Мұндай биіктен түспеуде жергілікті биліктің жанашырлығы мен оқырмандардың қолдауын күтеміз.
Енді жауапты науқан – газетке жазылу барасы жөнінде тоқтала кетсек. 2020 жылдың екінші жар­тыжылдығына газетке жазылу нау­қанында кімдер алда?
Алдымен кент және ауылдық округтерден бастайық, әрине көштің басында Жаңақорған кенті тұр. Ал округтер арасында Қосүйеңкі ауылы белсенді екенін көруге болады. Беса­рық, Байкенже, Жайылма, Қожам­берді ауылы да көшке ілесіп келеді. Бір ай ғана қалды. Иә газетке жазылу науқаны орта белден асты. Енді белсенділікті арттыратын кез келді. Сондықтан өзге ауылдық округтер істі ширата түсетініне сенемін.
Ал білім орадалары арасынан жыл­да №169 Н.Илялетдинов атын­дағы мектептің жазылуы жоғары екенін білеміз. Бұл жолы осы биіктен көрінді. №110 мектеп-лицей мен М.Қаратаев атындағы №51 білім ошағы тұр. Келінтөбедегі №192 және Қожакенттегі №168 мектеп те төл газетпен бірге екенін көрсетті. «Жаңақорған тынысы» газетінің қолдаушылары қатарында №3 мектеп-интернат, №53, №54, №55, №86, №162, №167, №183, №195, №208, №214 және №239 мектеп бар.
Балабақшалар арасында «№28 «Алпамыс», «Болашақ», «№5 «Бал­ғын», «Нұрай-Қыдыр» және «Арнайы бала­бақшасы» белсен­ділігін көруге болады. Ал ауылдық округ­тердегі тәрбие орталықтары арасында «Ба­лау­­са», «Әділ», «Бал­бұлақ», «Ерке Наз», «Айгөлек» балабақшасы атау­ға болады. Меке­мелер арасында білім саласы, мәдениет ұжымы көш бастаса, орталық кітапхана, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, қаржы, спорт, полиция бөлімі мен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімін бөліп-жарып атауға болады.
Біздің мақсат біреуді төрге озды­рып, екіншіні мінеу емес. Аудан айнасы, ақпарат жаршысына айналған төл басылымға шынайы жанашырларды жариялау, көпке үлгі ету.
Ауданның төл басылымы – «Жаңа­қорған тынысын» қолдауды ұмыт қалдырмаңыздар. Төл басылымға жа­зылу жалғасуда. Жерлестер, сүйікті газетіне жазылудан кеш қалмаңыздар!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
23 мамыр 2020 ж. 669 0