Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Абай өнегесін өнер тілімен өрнектесек

Абай өнегесін өнер тілімен өрнектесек


Мұхтар Әуезовтың алғысөзімен шыққан «Абай тағылымы» атты кітап ертеректе қолыма тиді. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер шыққан кітапты оқып, ақынның даналық ойларын һәм философиялық, эстетикалық, психологиялық, әлеуметтік көзқарасын танып, Абайдың шығармашылығы қазақ классикалық мәдениетінің биік шыңының ұшар басында тұрғанын ойға тоқыдым. Содан бері Абайдың қара сөздері мен өлеңдері менің рухани тынысыма жақын, оқыған сайын көңіл көкжиегімді кеңейтетін құралға айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын рухани өміріміздегі елеулі құбылысқа балаймын. Себебі Абайша ойлап, Абайша толғанып, өмір сүрудің қалпын қалыптастыратын кез келді. Онсыз озық елге айналу қиын.


Мемлекет басшысы мақаласында Абайды әлемдік деңгейдегі қайраткер, ұлттық болмыс-бітімнің үлгісі, жаңа қоғамның жанашыры ретінде бағалап, оның өміршең ойлары өзектілігін жоймағанын, қайта ақын шығармаларынан тағылым алып, интеллектуалды ұлтқа айналудың жолы жөніндегі ойымен бөлісті. Ең бастысы, елдің тұтқасын ұстайтын жастарға Абай тағылымын терең меңгеріп, толық адам болудың жолын зерделеуде бағдаршам болады. Президент мақаласының басты ерекшелігі осында.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!”
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл жарқын болашаққа сенімді жол салған ақын сөзі еді. Яғни Абайды тану арқылы өз-өзімізді танып, бәсекеге қабілетті ұлтқа айналамыз. Абайдың даналығын дәріптеп, ақындық қуатын насихаттауға арналған нақты шаралар белгіленген. Жоғары деңгейде халықаралық конференция өткізіледі. Абайдың туған топырағында – Абайдың аталары, жақындары жатқан қорым абаттандырылады, Жидебайда «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат бой көтереді.
Жаңақорғанда облыстық, респуб­ликалық, халықаралық деңгейдегі байқаулар мен өнер бәсекелері көптеп өткізіліп жүр. Биыл Абайдың 175 жылдағына арналған мәнді де мазмұнды шараларды жоспарлап отырмыз. Жалпы Абай тағылымына арналған 50-ге тарта іс-шаралар өтеді. Оған барлық ауылдық округтер қамтылады. Ақпан айы «Абай әлемі» атты рухани-мәдени шарамен басталады. Облыстық деңгейде Абай әндерін орындаушылардың байқауы, суретшілер байқауы, көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастыру жоспарға енсе, аудандық деңгейде Абайдың қара сөздерін оқу шеберлерінің байқауы өткізіледі.
Абайды қалай мақтасақ та, онымен қалай мақтансақ та болады. Абай трагедиялық тұлға. Олай дейтінім, қазақтың рухани дертін көріп, оған ем іздеп, кеудесі қайғы мен қасіретке толған ақын болды. Өз ұлтын өркендеген өнегелі елдердің қатарында көруді көксеген ойшыл болды. Сондықтан Абайдың тойы ұлттың рухын көтеріп, ХХІ ғасыр бағыт-бағдарын айқындауда бағдаршам болуы тиіс. Міне, ақынның 175 жылдығы осындай мұрат-мақсатпен өткізілуі тиіс. Президент осыны нақты тапсырды. Біз осыны бағдар етеміз.
Заман өзгерер, қоғам өзгерер, адам өзгерер, бәрібір түбінде қазақ халқы Абайға жүгінеді. Оның өсиетіне, аталы сөзіне келіп тоқтайды. Президентіміздің мақаласын оқығаннан кейін осындай ойға келдім. Ендеше, мақаланың тарихи мәні терең, тәрбиелік маңызы зор. Яғни Абай – қасиетіміз, ұлттық ұранымыз ретінде ұлы болып қала береді.

Зулфия ШАЛАБАЕВА,
М.Көкенов атындағы аудандық
мәдениет үйінің директоры
15 қаңтар 2020 ж. 730 0