Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

ТҰЛҒА тағылымы


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – тұтас ұлтты рухани-мәдени кемелдендіретін бағдарлама. Яғни, ұлт тамырынан ажырамай, өзіндік болмыс-бітімін, мәдениеті мен салт-ғұрпын жаңғыртатын бастама. Әсіресе, «Елтану», «Тұлғатану», «Мәдениеттану» ілімін дамытуда бағыт-бағдар береді. Осы ретте, ауданның төл басылымында («Екпінді» газеті) тілші, аудандық партия қызметінің бөлім меңгерушісі, Талап совхозында парторг, аудандық баспахананың директоры, ДОСААФ комитетінің төрағасы қызметін атқарған Нәрзілдә Қалилаұлы 100 жасқа толыпты. Тұлғаның өмір жолына құрылған өлеңді немересі Қызғалдақ Нәрзілдаева алып келді.
Өмір-теңіз, толқыны оның – тіршілік,
Жаңарады, жаңғырады күн шығып.
Көкке қарай жапырақ-қанат жаяды,
Кеше ғана бой түзеген бір шыбық.

Іңкәрлікпен ұмтылғанда таң нұрға,
Қарамайсың қарлы боран, жаңбырға.
Бүгінгідей жетістікке жеткізген,
Қарыздармыз аға ұрпақтың алдында.

Қарап көрші тарихқа үңіле,
Жүз жыл бұрын қандай еді дүние.
Әкелердің өмірі жеңіл болған жоқ,
Нардың нары көтере алмас жүгі де.

Сапар алыс, жеткізбейді жол әлі,
Тарих сонда толығады, толады.
Менің атам Қалилаұлы Нәрзілда,
Туғанына биыл жүз жыл болады.

Соны ойлап толқыдым да басылдым,
Бірі еді ол азаматтың, асылдың.
Көңілдерде қалып қойған бейнесі,
Биігіне шықты жаңа ғасырдың.

Адам еді ол аспаған да таспаған,
Жастық шағы жігер менен жас қалам.
«Жаңақорған тынысының» негізі –
Еңбек жолын «Екпіндіден» бастаған.

Терең еді тұңғиықта әлемі,
Мен боламын соның нақты дәлелі.
Толқығанда жүрегімнен шыққан жыр –
Өлең емес, атам еккен дән еді.

Қар жамылып, кез еді мұз жастанған,
Жаңбыр болып оң жауатын аспаннан.
Майдан жолын көре қалсаң атамның,
Фин соғысы, содан жорық басталған.

Алғы шептен сәлем хатын жолдаған,
Елге рух беріп жүрді ойлы адам.
Авторотаның командирі болды атам,
Тегеранда қолбасшыны қорғаған.

Арман күтіп айлы түннен, ақ таңнан,
Ел қорғауға ең бірінші аттанған.
Бала күнде бәрін сезген әкеміз,
«Капитанның ұлымын» деп мақтанғам.

Айта алмаймын қандай сұмдық көргенін,
Жан жолдасы жаралы боп өлгенін.
Әулет үшін бағымыз деп білемін,
Жауды жеңіп аман-есен келгенін.

Бір кездері басын тіккен өлімге,
Отырды атам енді елдің төрінде
Жеңген елде жетекші боп танылды,
Аупарткомда басшы болды бөлімге.

Жүрегінде шоқ болмаса жана ма,
От болмаса жауға қарсы бара ма?!
Бейбіт күнде партия енді жұмсады,
Командирді қайда қиын салаға.

Табылды да ең жоғарғы санатта,
Үміт-тілек айналды енді қанатқа.
Туған жердің тіршілігін көтеріп,
Парторг боп қызмет етті Талапта.

Қыз қыраны бағындырған асқарды,
Қай жерде де аспайды да таспайды.
Сегіз қыры, бір сыры бар азамат,
Бір кездері баспахананы басқарды.

Мықты адам еді жолға, досқа, жораға,
Мына дүние онсыз жарқын бола ма?!
Қай жерде де жатыр ізі әкемнің –
ДОСААФ-та да құрметті төраға.

Қашанда еткен еңбек қайтады,
Айтылмаған қызметтері бар тағы.
30 жылдай аса уақыт атамның,
Парткомиссияда төраға болғанын айтады.

Парасаттық, азаматтық – бір ұғым,
Қайран әке, биікте еді тұғырың.
Біле білсе сондай жанның ұлымын,
Елге арнаған бар саналы ғұмырын.

Озып шықсаң орден, медаль тағасың,
Олардан да артық алғыс аласың.
Құрметті болған жұртқа әкемнің,
Еңбегіне ел де берді бағасын.

Бала болдым, жігіт едім кеше мен,
Алғыспенен көгерді енді көсегем.
Марқайсам да қартаймай-ақ өтемін,
Өз әкемнің атындағы көшемен.

Қасиеттіден ұл туады көргенді,
Ұрпағы оның биіктерге өрлейді.
Немерелерің көтеріп жүр ту етіп,
Ата, сенің асыл атың өлмейді.
02 маусым 2018 ж. 978 0