№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Менің атам – жақсы адам

Менің атам – жақсы адам

Атаның тәлімді өнегесінің адамдық қалыпты қалыптастыруда ықпалы зор. Атамның тағылымын бойыма сіңіріп, өмірлік бағыт-бағдарымды айқындаған бақытты немере ретінде айтып отырмын. Иә, атам Әлібек Бижановты ұлағатты ұстаз, кең жүректі азамат ретінде мақтан тұтамын.
1940 жылы 15 мамырда Тәжік КСР, Душанбе облысына қарасты Қорғантөбе деген жерде атамӘлібек Бижанұлы дүниеге келді. Оның әкесі Бижан Әлкеев (1906-1951)Свердловскіде жұмысшы батальонда қызмет еткен, үлкен әжем –Злиха Төлеуова (1909-1995) үй шаруасындағы адам болды. Үлкен атам дүние салғаннан кейін бар ауыртпалық үлкен әжеме түсті. Бірақ қандай қиыншылық пен ауыртпашылық түссе де, сабырлық танытып 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, жетілдіреді. Үлкен әжем жалғыз қалғанына қарамастан, бар перзенттерін оқытып,білім алуына жағдай жасады.
1948 жылы атам ата-анасымен бірге өзінің тарихи атамекеніне қайта оралады. Сол жылдары бұрынғы Қазақ КСР, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Екпінді елді мекенінің бастауыш мектебіне барып,өз қатарластары секілді 7 жылдық мектептен білім алады. Одан әрі Қызылорда қалалық техникумының механика факультетінде 6 ай білім алады. Сонан соң Төменарық кеңшарында «РТС» тракторының 6 айлық курсын бітіріп, тракторшы мамандығын игеріп шығады. Сонан атам кеңес әскері қатарына шықырылғанша ұжымжарда трактор айдап, механизатор жұмысын атқарады.
1959 жылы тамыз айында әскер қатарына шақырылып, Ауғанстан шекарасындағы Термез қаласында әскери бөлімде қызмет етеді. Одан әрі 50 сарбазбен бірге Каттакурган қаласына әскери бөлімшеге жіберіледі.Каттакурган қаласының сыртында зымырандар базасын тұрғызып, сол жерде Отан алдындағы әскери борышын өтеп, әскери дайындықтың қыр-сырын меңгереді. Әскери қызметін қатар атқара жүріп,4-ші санатты сантехник, 4-ші санатты электр дәнекерлеуші, 4-ші санатты газбен дәнекерлеуші мамандығын алады.
1962 жылы желтоқсан айында 3жыл 5 ай әскери қызметте болып, абыроймен еліне оралады. Әскерде игерген 3 айлық көлік жүргізушілік мамандығы бойынша кеңшарда көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Еңбек ете жүріп, білімін жетілдіру мақсатында кешкі мектепте 8-11 сыныптарды оқып, аттестат алады.Атамның негізгі мақсаты ЖОО-нын бітіру болатын. Осы мұраты жолында1966 жылыН.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына оқуға тапсырып, жаратылыстану факультетінде білім алады.
Институт қабырғасында жүріп болашақ жары – менің әжем Күлән Кенжеғұловамен танысып, 1970 жылы шаңырақ көтереді. Атам мен әжем7 перзент тәрбиелеп өсіреді.Бүгінгі таңда атамыз бен әжемізден тараған Ләззат, Гүлнар, Мұратбек, Майра, Мейрамбек, Асқарбек, Кенжебек есімді ұл-қыздары елдің әр өңірінде табысты қызмет етіп келеді. Атам өз ұл-қыздарын білім-ғылымға, зерттеу жұмыстарына бағыттап, елге қызмет етуге тәрбиеледі.Сондай-ақ немерелерінің алды ержетіп, шөбере көріп отыр. Атамыз 21 немере, 1 шөбере сүйіп отырған бақытты азамат. Педагогикалық қызметін 1971 жылы бұрынғы Коммунизм ұжымшарында (қазіргі Қожамберді ауылы) бастады. Атам алғашқысында 8 жылдық мектепте биология-химия пәндері бойынша сабақ жүргізіп, қазіргі №162 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарады.
1982 жылы аудандық партия комитетінің шешімі бойынша №162 мектептің директоры болды. Содан 1995 жылға дейін ауылда білім беру үрдісін ұйымдастыруға жауапты болды. Атам өмір сүрген заманды қиын, ауыр болды деуге болады.Атам өмірдің қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешіргенін, жоқшылыққа да мойынұсынбаған кездері болғанын айтып отыратын.
Маған мінезі көркем адам кім десе, ол – менің атам, дер едім.Мен бала кезімде атамның қасында ұйықтап, атамның әңгімелерін көп тыңдап өстім. Атам газет-журнал, әдеби кітаптар көп оқитын. Әңгімені де жақсы айтатын. Қасында жатып ананы-мынаны сұраймын ғой, соның бәріне білгенінше жауап беретін. Атам таң сәріде тұрады, содан бір дамыл таппайды. Үйдің бақшасын күнделікті реттеу, малдарды өріске жіберу, кешке алдарынан шығып, қайыру, орын орнына жайғастыру, малды бағу сияқты шаруалардың бәрін өзі-ақ атқарып тастайтын. Қыз бала болсам да, кешке атаммен мал өрісіне бірге барып, мал қайырып, жүре алмай қалған кішкентай қозыларды көтеріп алып келетінмін. Атам мені «өзінше» еркелете атайды. Олай тек ғана атам ғана айтады. Әрі үйдегі «атасының қызы» өзіммін. Кеш бата бәріміз асқа жағалай отыратынбыз. Ата келмей асқа қол салу жоқ және қазір де солай. Бұның бәрі тәртіп пен тәрбиеге байланысты деп ойлаймын. Бой түзей келе, мен үлкендерге деген сый-құрметімнің өлшемін де осы атамның көркем мінезі арқылы қабылдап, өлшейтін болдым. Кей кезде егде жандардан көркем мінез көрмегенде қынжыламын. Үлкен жасқа келсе де кейбір қарияларымыздан үлгі тұтарлық болмысты көре бермейміз. Менің атам ауданға сыйлы, ауылдағы жандардың талайы арқа тұтар беделді ауыл ақсақалы. Атамның адамдарды алаламайтындығы, турашылдығы, сабырлылығы –көп жастарға өнеге.
Ата мен әже немере үшін ең жақын жандар. Осы күнге жеткеніміз осы кісілердің арқасы деп білемін! Атам мен әжем біздің тек қана жақсылығымызды көріп, қызығымызға тоймай жүре берсін!

Ақмарал ӘЛІБЕК
04 маусым 2020 ж. 1 713 0