№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Теміржолшылар династиясы

Теміржолшылар династиясы

Тіршілігі теміржолмен біте қайнасып, темірдей тәртіпке бағынған Рзаевтар әулеті жаңақорғандықтар ғана емес, осы салада жүрген Сыр жұртына жақсы таныс. Себебі бұл отбасының барлық мүшесі ел экономикасының күретамыры саналатын темір жолда еңбек етуде. Бір ерекшелігі, олардың бәрі де қарапайым жұмысшыдан басшылық лауазымға дейін адал еңбекпен көтерілді. Нағыз еңбек адамын осы әулеттен табасыз. Ұрпақтар сабақтастығы үйлесім тапқан әулеттің темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі – 800 жылдан асты.Әулеттің абыройын асырған Оразбек Рзаев зейнет жасына шықты. 46 жылға жуық уақыттан бір салаға арнаған теміржолшымен сұхбаттасудың сәті түсті.
Шығыстан батысқа, батыстан шы­ғысқа қарай созылып жатқан «Орынбор-Ташкент» теміржол бойын­дағы Жайылма разъезіне бүгінде пойыз көп тоқтамайды. Бірақ қандай да бір себеппен пойыз тоқтайтын болса, оны қамтамасыз ететін 4 бағыттамалық бұрма, 10 бағдаршам қашан да жұмыс жасауға дайын.
Қызылорда жол бөлімшесі бойынша танымал Рза әулетінің ата қонысы осы Жайылма станциясы. Жері малға жайлы. Жолдың арғы бетінде суы терең, балығы мол Бозкөл көлі жатыр. Жайылмада туып-өсіп, өмір бойы теміржол да жұмыс істеген Рза Әбілезімовтің әкесі Әбілезім 1900-1904 жылдары «Орынбор-Ташкент» теміржолының топырақ төсемін салуға қатысады. Теміржол пайдалануға берілгеннен кейін ұзақ жыл жол жөндеуші болады. Үйленеді. Балалы шағалы болады. Өзінің төрт баласының үшеуі әке жолын қуып теміржолшы болады. Содан бергі уақытта Рза ұрпағының төртінші буыны теміржолда жұмыс істеп, әулет жолын жалғастырып келеді.
– Жасыратыны жоқ шойын жолдың бойында балалық шағымыз өтті. Тепловоздың гудогі, темір доңға­лақ­ардың гүрсілі бала кезімізден құлаққа таныс, – дейді Орекең
Ақкөңіл азаматты әріптестері «Оре­кең» деп атайды. Оның және отбасының тірлігі теміржолмен біте қайнасып кеткен. Темір жолдың бойында еңбек ететін әулеттің әрбір мүшесібабасынан негіз тартқан атакәсіптіұстағанын мақтан тұтады. Иә электромеханик Оразбек Құлтасұлы теміржолшылар әулетіндегі бабалар ізін дәріптеп келеді.
– Атамыз Рзаның үлкен баласы Бектас теміржолда жұмыс істеп жүріп Ұлы Отан соғысына алынады. Соғыстан қайтып келіп 1969 жылы өмірінің соңына дейін Жайылма станциясында кезекші болып жұмыс істеді. Одан кейінгі әкеміз Құлтас теміржолда 45 жыл жұмыс істеп, зейнетке шықты. Кіші ұлы Битас Ташкенттегі теміржол инженерлік институтын бітіріп, еңбек жолын жол бригадирі болып бастады. Қызмет бабының барлық сатысымен өсіп, Қандыағаш жол дистанциясының бастығына дейін көтерілді. 1981 жылы туған жер топырағына қайтып келіп, Шалқия теміржол кешенін салуға қатысты. Төртінші ұлы Абдулла «Құрметті теміржолшы».Ол Шиелі жол дистанциясында еңбек еткен адам, – деп әңгімесін тарқатты кейіпкеріміз.
Иә, тарих бедеріне үңілсек, Жайылма станциясында сексенінші жылдарға дейін отыз шақты тұрғын үй, бастауыш мектеп болған. Осы жерде 4 СОБ маманы, 4 станция кезекшісі, оншақты жол жөндеуші тұрды. Тұрғындар темір жолдағы жұмыстан басқа, мал ұстап, Бозкөлден балық аулады. 1991 жылы Кеңес Одағы тарағаннан кейін пойыз қозғалысы азайып, Жайылма станциясы тәулігіне жұп пойыз өткізген-ді.
Ата жолын қуған Рзаевтар әулетіндегі ағайынды Оразбек пен Абдолланың өнегелі жолы көпке үлгі. Әбекең өмірден озды. Аға ізін басқан Орекең де зейнетке шықты. Қызметте жүргенде Орекең Елорда және Ақтөбе қаласында білімін жетілдіріп отырды.
– Кезінде ағам: “Біздің участоктың ұзындығы 70 шақырым болатын. Ақмаядан Аққұмға дейінгі аралықты қамтитын. Сол кездері пойыз қарқыны көп болғандығы сонша, бір пойыз сәл тұрып қалса, оның соңынан келе жатқан 10-15 пойыздың қозғалысына кедергі болатын. Шиеліден Аққұмға дейінгі біртарамды 90 шақырым аралықта қарама-қарсы бағытта кезекпен 10 пойыздан өткізіп отыратын едік” – деп еске алып отырушы еді, – деп көзіне жас алып, ағасы туралы сыр шертті. Орекең. өткенді еске алады Орекең.
Жайылма станциясы арқылы бүгінде 20 жұп пойыз өткізуді қамтамасыз етеді. Оразбектің учаскесінің ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Бүгінде осы разьездің жұмысын 4 маман қамтамасыз етеді. Шағын ұжым апта сайын бағыттамалық бұрма үшкілінің рамаға қысылу саңлауын тексеріп, ауытқу болып жатса, ретке келтіреді. Ай сайын шкафтардағы релелер кернеуін өлшейді, рельс тізбегі, шунттық сезімталдық, кабель, аккумулятор тексереді. Бағдаршамдардың шамын ауыстырады. Бәрін белгіленген уақытта, талапқа сай орындайды.
– Жайылма станциясындағы ЭЦ-2 электрлендірілген орталық 1972 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Әрине, ескі дүние. Қосалқы бөлшегі табыл­майды. Қолдағы барды жөндеп, пайдаланып отыруға тура келеді,– дейді Оразбек Құлтасұлы.
Тағы бір айта кетерлігі, Орекең 1994 жылдан бері Жайылмада станция бастығы – электромеханик болып тағайындалғалы бері өз учаскесінде бірде бір рет күрделі ахауға жол берілмепті. Десе де, заманауи технология жеделдамыған заманда біліктілікті арттыру – бастыталап. Осыны ескерген Оразбек жыл басында Ақтөбе облысына барып, 1 айлық оқыту курсын оқып келді. Әрине Орекеңнің де бүгінгедей інатқарған еселі еңбегі еленіп, дистанция бастығы мен сала басшылығының бірнеше мәрте грамотасымен марапатталған. Бұл да болса ертелі-кеш еткен жұмыстың жемісі деп білеміз. Одан бөлек, бұл әулет талай басылымдарға арқау болды. “Транс-Экспресс” салалық тал­дамалық журналында Рзаевтар туралы мақала жарық көрді.
Иә, Оразбек Құлтасұлы бүгінде мықты маман ғана емес, тәлімгер ұстаз. Оның қарауында жұмыс істеген Нұрлан Зұлқаров станция бастығы –электромеханик болып жұмыс істеп жүр. Зейнетке шыққан Орекең қазір Ықылас Убашов есімді әріптесін бір жыл бұрын дайындап, орнына қызметке орналасуға жәрдем етті.
Әрине, біз мақалада әке мен қос ұлының қызметін ғана тарқата жаздық. Ал, ақиқатында Рзаевтар әулетінде жас теміржолшылар буыны өсіп келеді. Ендігі кезекте солардың еңбек өтілін бағамдасақ. Әлгінде айтқан Оразбек Рзаевтың ұлы Бауыржан бүгінде дистанцияда байланыс механигі, Олжасы теміржолшы мамандығын оқып жүр. Ал Орекеңнің інілері Арыстанбек жол жөндеуші, ұлы Бауыржан Жаңақорған теміржол вокзалында электрик, Бақытжан белгі беру және байланыс дистанциясының Жаңақорған-Талап аралығында аға электро механик. Орекеңнің екі жиені Рүстем мен Ерболат осы саланың жүгін көтеріп жүр. Жалпы Орекеңнен бастап іні-бауырларын осы салаға шыңдап, ізінен еріткен Абдулла ағасы.
Оған қоса Абдолла Рзаевтың қызы Меруерт Қызылорда жол бөлімшесінде жауапты қызметте. Ал Рзаның үлкен баласы Бектастың немересі Жансая Есенжолқызы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникация Академиясында «Тасымалды ұйымдастыру» факультетін бітіріп, кейіннен 2 жыл тағы оқып логистика магистрі атанған. Қазіргі таңда ол «Атасу Групп» тасымалдау компаниясында логист болып жұмыс жасайды. Сонымен қатар Битастың қызы Гүлнар Қызылорда қаласында Белкөл станциясында жауапты қызметте.
Теміржолшылардың тынымсыз тірлігі Қазақстанның экономикасына қомақты үлесін қосуда деп қабылдаған дұрыс. Өйткені, айшылық алыс жерлерге аман-есен жетуде, жолаушының жол азабын азайтуда, оған қоса, жүк тасымалының қарқынды дамуында теміржолшылардың темірдей тәртібі менмұндалап тұр. Әулеттің әрбір мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп, берекелі ғұмыр кешуде.

Абай МАХАМБЕТОВ
16 маусым 2020 ж. 1 174 0