№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ел болып сүйген ертегі Онымен баланы қалай сусындатып жүрміз

Ел болып сүйген ертегі Онымен баланы қалай сусындатып жүрміз

«Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде». Осылай басталатын балалық шақтағы әжелер айтқан ертегілері әлі есімізде. Бала тәрбиесінде айрықша рөл атқаратын ертегілер ұлттық құндылығын сақтап, өміршеңдігін айқындап келеді.
Атадан балаға аңыз болып жеткен  халық ертегілерінің саны мыңнан асады. Десе де, оның санаулысынғана ғаламтор желісінен табуға болады. Мәселен, «Қошқар мен теке», «Алдар көсе», «Қадірдің бақыты», «Қалпақ шебері», «Өнер күші» секілді ертегілерден өткеннің иісі аңқып тұр. Оны балғындар да сүйіп тындайды. Тәрбиелік мәні зор ертегі баланы шынайылыққа, ақылдылыққа әрі зейінділікке баулитыны сөзсіз. Десе де, ертегі көрудің де, ауызша әңгімелеп берудің де әсері зор.
Әрине, көгілдір экраннан тамашалаған көріністің көбі бала жадында қалады, десек те бала тілімен, майын тамыза мәнерлеп жеткізген ертегілер оның есінде мәңгі сақталады. Демек, «ертегіні сүйіп тыңдамайтын» бала жоқ. Тек оған ниетіңіз болсын деңіз.
Ертегіні баланы қалғыту үшін емес, қанаттандырып, дүниетанымы қалыптасуы үшін айтқан абзал. Балаға қорқынышты және аса қиял-ғажайып ертегі айтуға болмайды. Әлеуметтік желідегі психолог мамандарының пайымдауынша, одан баланың бойында өмірге шынайы көзқараспен қарай алмайтын әсер қалуы мүмкін. Сондықтан ертегіні ой елегінен өткізіп барып айтқан жөн.
Баланы тазалыққа үйретуші кейіпкер – Жалқаубек.Жалқаубектің іс- әрекетіне жиіркенішпен қарап, бала өзінің бойын түзеуге талпына бастайды. «Тазша бала», «Алдар көсе», «Ай мен Күн» ертегісінің де тәлімдік-тәрбиелік манызы зор.
Балабақшадағы бүлдіршіндерге қазақ ертегілерін насихаттау жайына келсек, «кейіпкерлер балабақшаға бала тартудың құралына» айналып кеткендей. Бәріне топырақ шашудан аулақпыз. Жүйелі жұмыс жасап, күнделікті жоспарға ертегі сағатын қойған бүлдіршіндер мекеніне халық разы. Алайда кейбір балабақшаларбалаға таныс ертегі кейіпкерлері бейнелеген көріністерді жағалай іліп қойғаны жөн-ау, бірақ ондағы «Маша мен Аю», «Мики Маус» пен «Шрек» бейнесі арқылы балақайларға қандай тәлім-тәрбие бере аламыз? Неге осы афишаға «Ертөстік» пен «Айдар» сынды ертегі кейіпкерді алмасқа? Осы секілді сан сұрақ туындайды екен.
Хош. Қазақ халық ертегілерін бала санасына сіңіруге еңбек етіп отырған балабақшалар төңірегіне қарай ойыссақ. Өткен жылы аудандық орталық кітапхана қызметкерлері бірнеше балабақшаларда болып, таңдамалы ертегілерді оқып, бүлдіршіндердің ертегі оқуға дағдысын қалыптастыруға тырысты. Енді осы үрдіспен «Әжем айтқан ертегі» шарасына ертегіні тамылжыта айтатын ақ кимешекті аналарды тарту көзделіп отыр. Осы шара «Болашақ», «Арнайы балабақша», «Ақ бота», «Меруерт», «Алпамыс», «Еркетай», «Нұрай-Қыдыр», «Асылзатдарын», «Ер-Нұр», «Жұбаныш» балабақшаларында жалғасын табуда.
Ақсамайлы ананың ақ жүрегімен айтылған сөзінің бала зейініне жететініне кәміл сенеміз. Баланың ой өрісін дамытатын, зейінін ашуға ертегіден артық құрал жоқ. «Бала – біздің болашағымыз» дейтін ел өз құндылықтарын жоғалтпауы тиіс.
Түйін. Орыс халқы 6-сәуірді ұлттық ертегі күні деп атап өтіп, ұрпағына өз дәстүрін танытады. Осы мереке сайын «біздің қазақ халқының ұлттық ертегілер күні қашан аталып өтеді» деген ой келеді. Рухани құндылығымыздың бірі саналатын ертегілерімізге шынайы жанашырлық танытатын кез келген секілді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
29 ақпан 2020 ж. 1 795 0