Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ертегі айтып жүрсіз бе?

Ертегі айтып жүрсіз бе?


Бала күнімде әжемнің әртүрлі ертегі айтып беретіні әлі есімде. «Ерте, ерте, ертеде» деп бастағанда құлағымызды түріп, тыныштық сақтап қалатынбыз. Әжем кейіпкерлердің іс-қимылын келтіріп, даусын салғанда кәдімгідей өмірде дәл солай болғандай қабылдайтынбыз. Ұйып ертегі тыңдап, «неге оның құлағы дәу?», «Шынымен жеп қойған ба?» деп сұрақ қоятынбыз. Тіпті, ертегі ханшайымындай сұлу, инатабатты болуға құштарлығымыз оянатын. Ұлдар жағы Ер төстіктей батыр болуға тырысатын. Әлі күнге дейін, құлағымызда қалып қойған әжеміздің үні оқтын-оқтын еске түседі. Жадымызда қаншама жыл өтсе де сақталып қалған қазақ ертегілерін қазір де бағыт беруде.
Үлкендер қылт етсе, жастарды кінәлап кетпей ме? Алайда қариялар арасында немересіне ертегі айтпақ түгілі, баланың шуылына жүйкесі шыдамайтындар бар. Еркелеп келген немереге тәтті беріп құтылады. Оқта-текте ертегі айтатын қариялар бар-ау. Әйтсе де, олардың айтатын ертегісі «Мақта қыз бен мысық», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Толағай». Одан басқа ертегі айта алмайды ма? Бір ертегіні сағызша соза берген соң да баланың ертегі тыңдауға құлшынысы қайтып қалады. Тіпті, ертегі айтатын қария болмағандықтан, интернет желілерінен қазақы болмысқа жат өзге ұлттардың ертегісін қосып көрсетуге мәжбүр боламыз. Ол ертегілер көбіне қатыгездікке баулитын атыс-шабыстан құрылған. Бес алты жас аралығындағы балалар ұлттық ертегілерден гөрі шетелдік мультсериалдарын жақсы білетіні осы кемшіліктің салдары болса керек-ті!
Жақында әжелер арасында керемет сайыс өтті. Осы жарыста «Әже, ертегі айтып берші» деген бөлімі болды. Осы айдарда қатысушылардың бірі кібіртіктеп жатса, енді бірі кітапқа қарап оқып берді. Мейлі оқысын-ау, бірақ сол ертегіге жан беріп, тыңдармандарды еліктіріп алып кету керек емес пе? Өзі сенбеген ертегіні қалай балаға сендіреді. Тыңдап отырған ересектердің өзі оқылып жатқан мәтіннің не туралы екенін де түсінген жоқ. Сайыскерлердің көбі баласын төсекке жатқызып, ұйықтатып қойып айтты. Негізі біз ешқашан ертегі-әңгімені бұлай айтпағанбыз! Шетел киносында осындай үрдістер көп кездеседі. Алайда қазақ ертегісінің дәстүрінде баланы жанына отырғызып насихатын, әңгімесін, аңызын, ертегісін айтып, талқыға салып отырған. Міне, осындай дәстүр еш халықта болмаған. Сондықтан бүгінігі үлкендер қағиданы қайта жаңғырту керек секілді.
Бірде екі апамыздың әңгімесін естіп қалдым. Бірі «Анандиді қайталап береді екен» деп қуанып, екіншісінен сүйінші сұрай келіпті. Екеуінің әңгімесі үнді мен түрік киноларынан әрі ұзамады. Бүкіл сериялдардың кейіпкерлерін талқылап, өздерінің келіндері мен күйеу балаларын әр түрлі кейіпкерлерге теңестіріп жатты. Әңгімеге кірісіп кеткен апаның немересі ыстық шәугімді тартып қалып күйіп қалмасы бар ма! Шырқырап жылаған баламен бірге менің де жүрегім шаншып өткендей болды...

Мақпал МАРҚАБАЙҚЫЗЫ.
15 қаңтар 2018 ж. 3 993 0