№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАЗАРЛЫҒЫ

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАЗАРЛЫҒЫ


Кітап – руханияттың алтын бұлағы болса, кітапхана – қоғамды өркениет пен өміршеңдікке, елжандылық пен ұлағаттылыққа, салт пен дәстүрге бағыттайтын қасиетті орын. Осынау білім азығы ақтарылар алтын ұяда бастау алған апталықтың келесі жалғасы «Әже мен немере» тақырыбына арналыпты. Аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған игі шараға озық ойлы оқырман әжелер мен балғын бала болған балдан тәтті немерелері қатысты. Өз бойына ертегі айтуды парыз санаған ақ жаулық иелері немересіне білгенін үйретіп, өзара сайысқа түсті.

«Дүниежүзілік кітап күніне» орай орын алған игі шара балалар кітапханасындаұйымдастырылды. Қазіргі таңда ұмыт болған ертегі айту, немеремен сырласып, салт-дәстүрді жаңғырту сынды жанрларды қайта жандандыруды мақсат еткен мазмұнды жиынға «Асылай», «Нұршуақ», «Кәусар» тобы қатысты. «Таныстыру», «Өз өнері», «Ертегім саған арналған», «Сурет салу» сынды шарттан құралған тәлімді жиын ақ жаулықты әжелер мен сүйкімді немерелерді сазды әуенге бөлеп, ерекше дем берді.
Балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова іскерлік тәжірибесімен  үйлестіре білген игі шарада өскелең ұрпаққа насихат болатын ертегілер айтылып, жырдан шашу шашылды. Әжелер қауымы «Арыстан мен түлкі», «Бай мен кедей», «Күлше қыз» сынды ертегімен немересін сусындатса, немерелер тарапы Абай ақынның поэзиясынан сыр шертіп, мың бұрала биледі.
«Өнерлі әже», «Салиқалы әже, «Мейірімді әже» номинациясына қол жеткізген ақ жаулық иелері құнды кітаптармен марапатталса, балалар қауымы «Ертегілер елінде» атты оқулықтарға ие болды.
Түйін. Ұмыт болған дәстүрді жаңғыртып,әже мен немерені байланыстырған тағлымды шараның көрермен үшін сыйлаған сыйы көп болды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін алғыс ақтарған салиқалы шара осылайша мәресіне жетті.  

Ханзада ДОШАН. 
25 сәуір 2019 ж. 1 135 0