№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАУЛУҒА БОЛАДЫ?

БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАУЛУҒА БОЛАДЫ?

Бала жауапкершілікті жастайынан сезініп, еңбекқор болуы үшін не істеу қажет? Дала өркениетінің дәстүрлі бала тәрбиесінде жауапкершілігі мол, іскер де еңбекқор болып қалыптасуында ес біле жұмыстар жүктеп, оны сапалы орындауын сүйемелдеп отырған.

Мәселен, қонақпен амандасудың мән-жайын түсіндіріп, оларға қызмет көрсетуді жүктеп отырған. Бала мұндай қызметке араласып, үлкендердің батасын алып, елдің ықыласына бөленіп, жауапкершілік жүгін сезіне бастаған. Сондай-ақ, қозы бақтырып, оның қыр-сырын меңгертіп, еңбекке баулыған және т.б. атқарған.
Әрине, бұл өткен сезеңдерде сұранысқа ие жұмыстар еді. Қазір ше? Не істеуге болады? Бір ғана мысал, балаңызға «еденді жу» десеңіз. Оның тап-таза қылып жууға шамасы жетпесе де, әйтеуір жауапкершілікті сезініп, соны істеп шығады. 6-7 жастағы ұл балаға «көлікті жуып шықшы» десеңіз, ол шала жууы мүмкін. Бірақ шама-шарқы жеткенше тырысып, талпынатыны анық. Дәл осылай он рет, он бес рет жуғаннан кейін бала әбден ысылып, әдіс-тәсілдерін біліп алады да, бірте-бірте жақсы жуа бастайды. 
«Жуатын уақыты келеді», «әлі ерте», «әлі кішкентай» деп жүрсеңіз, уақыты келгенде оны жұмсай алмай қаласыз. Ол сізді тыңдамай кетуі мүмкін. Сондықтан кейде шамасы келмейтін істерге де жұмсап, бойын үйрете берген абзал.

Бір сөзбен айтқанда, баланы жастайынан еңббекке баулу арқылы жауапкершілік жүгін сезіндіруді басшылыққа алған дұрыс...
26 сәуір 2019 ж. 1 067 0