Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Абай дара, Абай дана қазақта"

"Абай дара, Абай дана қазақта"


Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті.


Егемен еліміздің ашық аспаны астында соңымыздан желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ алдымен Абайды оқып, жете тануы шарт.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған.
Абай Құнанбаев 10 тамыз 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Абайдың басқа балалардан зеректі­гін аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп, 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодалдық-рулық қатынастардың кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриархалдық, керітартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарын айқын түсінді. 1886 жылы досы Михаэлистің ұсынысымен Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланады.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жөн-жосықтарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.
1891 жылы Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа жазған хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді.
Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне ән шығаруды шамамен 1880-1997 жылдар ара­лығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай деген атпен бастырған ақын жазған өлеңдерін жинақтауды шәкірттеріне тапсырған. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890-98 жыл­дар аралығында қолға ал­ған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге деген көзқарасы айқындалған еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштас­тырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыгүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай – «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі – «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Биыл Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейіне А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты экспозициялық көрме қойылды. Көрмеге музей қорындағы 1845-1945 жылдар аралығындағы өлеңдерінен тұратын кітабы қойылды. Кітапқа 75 жыл уақыт өткен. Енді оқушылар арасында Абай атындағы көркемсөз оқу сайыстарын өткізуді қолға алғалы отырмыз.

Бақдаулет ТАЖДИНОВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері
05 ақпан 2020 ж. 1 235 0