№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Кемелдік көрінісі


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. Онда ақынның болмыс-бітімі мен шығармашылық шыңы ғана емес, өсиет кеткен ұлағатты ойлары сипатталды.
Президент айтқандай, Абайдың рухани мұрасы ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын құндылық. Мұны бағалай білуіміз керек. Абайды тануға, оның шығармаларын танытуға күш салуымыз қажет. Бұл жөнінде Президент «Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет», – деді.
Ақынның мерейтойы мазмұнды өрбіп, «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналып, халықаралық сипат алады. Қалай десеңіз, Абай мұрасын ұлықтау шет елде де жалғасын тауып, «Абай орталықтары» құрылады. Мұның бәрі қазақты танудың, танытудың жарқын жолы. Бұл – кемелдіктің көрінісі емес пе?!

Әбілғазы ТӨЛЕГЕНОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
11 қаңтар 2020 ж. 865 0