№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Елдік сана салтанаты

Елдік сана салтанаты

Әркімнің кіндік қаны тамған жері ыстық. Туған өлкеде қызмет істемесе де, туған жерге қызмет жасауға ниеттілер болады. Сондай азаматқа Кенжебек Әлібекұлын жатқызар едім.

Көп жылдардан жүрек сырқатымен ауырып, жүрекке ота жасатқанмын. Дәлірек айтсақ, дәрігерлер тілімен «Аортокоронарное шунтирование», яғни әлсіздік және терлегіштік, ауаның жетіспеушілік сезімімен кеуде кеңістігінің қатты ауруымен сипатталатын ауру. Ұзақ жылдардан бері тиісті ем домын алып жүрсем де жүректің мазалауы басылмады. Жергілікті жерден жолдама алып, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ бардым.
Дәрігер анализдер алып, соңғы үлгідегі аппараттар арқылы тексеріп, бір аптада жүрекке ота жасау керектігін айтты. Ота күрделі. Вена тамыры арқылы жүректен қан айналысын бұзып тұрған учаскелерін азотпен күйдіру арқылы іске асырылады екен. Не керек, ота сәтті шықты. Бұрынғыға қарағанда жағдайым дұрысталды. Бұл – 2017 жылдың сәуір айы-тұғын.
Алматыдан аман-есен ауылға оралғаннан дәрігердің кім екенін сұрастыра бастадым. Бір білетінім жаңақорғандық азамат. Сөйтсем қожамберділік жігіт екен. Жақын інілерімнің бірі болып шықты.
Әкесі Әлібек Бижанов №162 мектепте директоры болып істеген. Осындай тәрбиелі отбасынан шыққан Кенжебек 2004 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің емдеу ісі бөліміне түседі. 2011 жылы дәрігер-хирург дипломын алып шығады.
Ұлттық ғылыми хирургия орталығына кардиохирургия мамандығы бойынша ұжымдық резидентураға қабылданады. Осы төрт жыл ішінде жүрек сырқатымен ауырған көптеген науқастармен жұмыс істеп, тәжірибе жинап, күрделі оталарға қатысады. 2015 жылы балалар және ересектер кардиохирургия мамандығын игеріп, сол орталықта дәрігер ретінде жұмысын жалғастырады. Қазір кардиохирургия саласында аритмологияға сұрныс артты. Ол осыны игеріп, аритмолог дәрігер ретінде жұмыс жасауда.
Оның қамқорлығын көрген мен ғана емеспін. Жаңақорған ауданында ондаған адам бар. Оның қатарында төменарықтық Өмірәлі Шәдімханов, Серік Құдайбергенов, екпінділік Ералы Дюсембаев, бесарықтық Икрам Әмірбек ем-дом алды. Сондай-ақ, Жаңақорған кентінің тұрғыны Өтеулі Егембердиев, Жолдасбек Айтбаев, Сунақатадан Әзиз Балғабаев, Сүттіқұдықтан Бәкір Серік дәрігерден шарапат көрді.
2018 жылы барып, екінші рет ота жасаттым. Бұл жолы Кенжебекті жақын тартып, әңгімелестік.
– Ауылдан ұзақта жүрсем де туған жерге қызмет еттім келеді. Науқастарды бөліп-жармаймын. Қазақстанның қай түкпірінен келмесін көңіліміз бірдей. Бәріне бірдей жағдай жасаймыз. Дегенмен Сыр өңірінен емделуші келсе туысымды көргендей ішім жылып, қолдан келген көмек көрсетуге тырысам. Елге осылайша қызмет еткім келеді, – деген еді аржарқын дәрігер.
Түйгенім, туған еліңе қызмет ету білімнің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаббатқа байланысты екен. Кенжебектің бойынан осындай тектіліктің белгісін көрдім. Сол жөнінде оқырманмен бөлісуді жөн көрдім.

Жұман ӨТКЕЛБАЙ
16 қазан 2019 ж. 675 0