№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «МҮРДЕХАНАДАН» ӨЛМЕЙ ШЫҚҚАН...

«МҮРДЕХАНАДАН» ӨЛМЕЙ ШЫҚҚАН...


80 жылдары. Қиын-қыстау кезде елден ауған отандастар атақонысына қайта келе бастаған уақыт. Тұрсын Көшербаев та балалық балдәурен шағы өткен мекенді тастап, аталарының кіндік қаны тамған алқапқа бой үйрете бастады. Бір күні анасы Құрбанкүл: «Қорғантөбеге барып, сондағы ағайынның қал-жағдайын біліп, елге шақырсақ», – деді. Бұл сөз Тұрсынханның құлағына майдай жағып, «Апа, мені де ала кетші» деп өтіне бастады». Еркелеп өскен перзент емес пе? Сөзін қимай жолға алып шықты.
Төменарықтан поездға отырып, Ташкентке тартты. Жолай Тұрсынханның қызуы көтеріліп, қатты ауырды. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» демей ме ана? Поездан түсе баласын жетектеп Калкозабад ауданындағы орталық ауруханаға тартады. Ондағы дәрігерлер жеті жастағы жеткіншектің ауырған диогнозын таппай әбден әуреленді. Ауруы асқынған баланың тынысы тарылғандай болды. Дәрігерлердің де амалы таусылғандықтан, «қолдан келер қайран жоқ» деп «мүрдеханадан» жібереді.
Тұрсынханның көрер жарығы бар екен. Мәскеуден келген профессор-дәрігер «мүрдехана-ны» көріп жүріп, тыныс алып жатқан бозбаланы байқайды. Дереу аурудың сырқаттанама парақшасын алдырып, дәрігерлерге: «Науқас қашан түсті? Қалай келді? Ауруының белгілері қандай?», – деп сұрақ жаудырады. Мәскеулік білікті дәрігер Тұрсынханның соқыр ішек екенін біліп, моргтан ота жасау бөлмесіне алдыртады. Өлген адамды төмен температурада сақтайтын жерден шыққан баланың денесі әбден тонып, тісіне-тісі тимей дірдектеп жатты. Бес сағатқа созылған ота кезінде іріңдеп кеткен ішін жуып-тазалап, соқыр ішегін алып тастайды.
Арада жеті-сегіз күн өткенде бала есін жинай бастайды. Бір жылдан кейін мектепке барып, болған оқиға ұмыт қалады...
2006 жылы ерік-жігері мықты азамат қайтадан ауырып, ауруханадан бір-ақ шығады. Оған дейін төменарықтық дәрігер Зөре жүрегінде «шум бар, емделу керек» дейді. Ақыры аяғы 2009 жылы Астанадағы ауруханада жүректің мейтралный қақпашасын (клапн) ауыстырады.
Бүгінде ауыл дәрігерлерінің жіте бақы-лауындағы үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан: – З.Хайнекееваға алғысым зор. Ол білікті дәрігер ғана емес, науқасқа мейіріммен қарайтын абзал жан. Бүгінде ауылдық ауруханада мезгіл сайын жатып, ем қабылдап жүрмін», – деді.
Т.Көшербаев «Арал» салынып жатқан кәсіп-орындардың бірлескен дирекциясы филиалының еншісіндегі Қожамберді бөлімшесінде машинист-оператор қызметінде жұмыс жасайды. Ол үшін топтағы мүгедек бола тұра, аяқ-қолы балғадай, дені сау жігіттерге үлгі. Себебі ұрпағына тәлімді тәрбие, мазмұнды ілім беріп келеді...

Нұр-Кенже.
17 қаңтар 2018 ж. 1 940 0