№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЕРЛІКПЕН ПАРА-ПАР ҚЫЗМЕТ

ЕРЛІКПЕН ПАРА-ПАР ҚЫЗМЕТ


Конго-Кырым геморрагиялық қызбасы аса қауіпті вирусты инфекция. Тіпті, одан тірі қалатын адам некен-саяқ. Вирусты тасмалдаушы ихсодтық кенесі. 2018 жылдың күзінде Әбубәкір Аманов қауіпті вирусты жұқтырады. Аз ғана уақытта дене қызуы көтеріледі, бұлшық еті мен буындары қатты ауырады. Бойында әлсіздік пайда болып, тәбеті төмендейді. Содан 21 қазан күні сағат 01.48-де аудандық ауруханаға түседі.
Кезекші дәрігерлер жұқпалы аурулар бөліміне жолдайды. Дәрігерлер Қырым Конго геморрагиялық қызбасының белгілерін анықтап, арнайы ем-домын тағайындайды.
Алғашқы 10 күні науқас ес-түссіз комада жатады. Терісі және көрінетін кілегей қабаттарының түсі бозғылт тартып, дененің қолтық арты, жамбас, сан, аяқ бастарында геморрагиялық бөртулер пайда болады. Аяқ, қолдары салқындайды. Күніне асқазан, тікішек, ауыз қуысынан, қызыл иектен 2-3 литр қан кетеді.
Науқасты емдеуге инфекционист Әсел Сейілова шұғыл кіріседі. Реаниматолог Нұрлан Сопбеков, Денис Абсадыков, Нұрлан Оразбеков, Арман Жайпанов, невролог Темір Жапар, хирург Құрманбек Шакенов, Бауыржан Абдусаметов, УЗИ дәрігері Айдос Шерниязов, рентген дәрігері Мұқан Ғалымжан инфекциядан қорғайтын арнайы киімдерін киіп, емдеуге белсенді араласады. Облыс орталығынан келген дәрігер-инфекционист Болат Асанбаев жағдайды жіте бақылап, бағыт-бағдар берсе, ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев пен бас дәрігердің орынбасары Зауреш Тлепбаева емдеу шараларын дұрыс ұйымдастыруға дем береді.
Әсіресе, лаборант Үміт Байзақова, аға мейірбеке Хашия Абсаттарова, мейірбеке Қаракөз Әшім, Гүлсара Жантілесова, Меруерт Қадырбекова, Нұрсезім Тұрсынбекова, Айна Сатаеваның, санитар-тазалаушы Меруерт Шайыхова, Марал Сейсенова, Бибігул Момыханова, Бақтыгул Шайкованың еңбегі ерен.
Неге десеңіз, Қырым Конго геморрагиялық қызбасымен науқастанған адамнан сау адамға оның қаны мен сілекей, құсықтары арқылы жұғады. Осындай жолмен вирус жұқтырған дәрігер мен медбикелер бақилық болғанын талай естідік. Сондықтан, өмір мен өлімнің арасында арпалысқан қиын қызмет деуге болады. Бірақ, ауру жұғады демей, арнайы киімдерін киіп, ем-дом шараларына адалдық танытып, күндіз-түні кезекшілікке тұрып, қауіпті вирусты жұқтырған Әбубәкір Амановқа 36 күнде 20 литр қан құйяды. Шамамен адам ағзасында бес литр қан болады десек, науқасқа жасалған ем-домның деңгейін бағамдауға болатындай. Ал, қан берушілер арасында ағайын-туысынан бөлек дәрігерлер белсенділік танытады...
Құдайдың көзі тура екен. Әбекеңнің көретін жарығы бар екен. Дәрігерлердің күндіз-түнгі еңбегі қайтып, ағайын-туыстың тілеуі орындалып, науқас ауруын жеңеді.
– Күндегіше малдың жайын жасап жүретінмім. Бір күні басым ауырып, құсып, әлім кете бастады. Одан кейінгісі еміс-еміс есімде. Әйтеуір, дәрігерлер аман алып қалыпты. Оларға тек алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Әбубәкір Нұрлыбайұлы.
Науқастың ем-домына жауапты болған дәрігер Әсел Сейілованың айтуынша, науқас 16 қазанында үй жағдайында балық жеуден жүрек айну, үздіксіз құсу болған. 18 қазанда сағат 12.00 шамасында жалпы тәжірибелік дәрігер тексеріп, дәрі-дәрмек салып кетеді. Кешкісін қайта жедел жәрдем шақыртылады. 20 қазанда бауыр және өт жолын УЗИ түсіріп, үй жағдайында ем қабылдайды (Глюкоза – 200,0 (10%), Натрий хлорид – 200,0 (0,9 %), Реополиглюкин – 200,0, Метрид – 100,0, Аскарбин қышқылы – 4,0, Цефазолин –1,0). 21 қазанда жүргізілген емге қарамастан жағдайы ауырлайды. Құсу белгісі басылмауына байланысты туыстары ауруханаға алып келеді.
– Қырым Конго геморрагиялық қызбасымен науқасты емдеуде кезінде медициналық персоналдардың ауруды жұқтыру қауіптілігі жоғары. Науқасты емдеу барысында көк тамырға дәрілер мен ерітінділерді жіберу кезінде де екінші реттік қан кетеді. Осы кезде медициналық персоналдың вирусты жұқтыру мүмкіншілігі тағы да артады. Медбике пайдаланған құрал-жабдықтар, стол үсті, науқастан ағзасынан бөлінген сұйықтықтар, міне, осылардың бәрі айналасы үшін ауру көзі болып табылады. Осындай қауіп-қатарлерге қарамастан біздің дәрігерлер мен медбикелер тиісті ем-домды жүргізді. Оларға алғыс білдіремін.
Жалпы, ауруды жеңген науқастың организмі мықты екен. Көп жағдайда қан алу кезінде қан қысымында өзгерістер болады. Ал, оның қан қысымы бір қалыпта болды... – деді жұқпалы аурулар бөлімінің басшысы Әсел Есдәулетқызы.
Шыны керек, Қазақстан бойынша Конго-Қырым қанды безгегінен тірі қалған жағдай бір-ақ рет тіркеліпті. Қалған жағдайдың барлығында науқас өлімімен аяқталған екен.
Ендеше, аса қауіпті ауруды жеңуге атсалысқан ақ халатты абзал жандарды дәріптеп, биік-биік марапаттарға ұсынған жарасымды-ақ. Бұл ойымызды жергілікті билік қаперге алып, ерлікпен пара-пар қызмет көрсеткен дәрігерлерге тиісті қолдау көрсететініне сенеміз...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
05 ақпан 2019 ж. 1 198 1

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 11:52
Cialis Soft Tabs Review Cheap Mexican Pharmacy Neurontin viagra Kamagra 100 Mg Tours